06 тамыз 2021 16:54

Токио Олимпиадасы: Нұрқанат Әжіқанов жартылай финалға шыға алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Владислав Семенов / Olympic.kz Фото: Владислав Семенов / Olympic.kz

Қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіқанов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіқанов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрқанат Әжіқанов 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің В тобында өнер көрсеткен. Алғашқы қарсыласы аустралиялық Цунэари Яхиро болды. Қазақстандық спортшы оны 6:3 есебімен жеңді.  

Кейін Әжіқанов германиялық Ноа Битчпен күш сынасып, жеңіліп қалды. Ал үшінші жекпе-жегінде әлемнің екі дүркін чемпионы италиялық Луиджи Бусамен шығып, 2:0 есебімен басым түсті. 

Қазақстандық каратэші шешуші төртінші жекпе-жегінде әзербайжандық Рафаэль Агаевпен кездесіп, 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, топта төртінші орын алған каратэші жартылай финалға шыға алмады. 

Нұрқанат Әжіқанов Ақтөбеде туған, жасы 20-да. 2017 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында күміс медаль таққан. Ал биыл Парижде өткен лицензиялық турнирде топ жарған еді. 

Бұған дейін қазақстандық тағы бір каратэші Дархан Асәділов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети