Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Тыйым салынған препараттың ауыратлеттердің қанына қалай түскенін анықтаймыз - Федерация

30 Желтоқсан 2015, 15:57
0

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірге допинг бақылауының "А" сынамаларында спортшылардың ағзасында анаболик андроген стероидтарының табылуын тергеуді бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz Федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тергеудің қорытындысы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының отырысында талқыланады. Онда жазаның жеңілдетілуі, жазаның алып тасталуы немесе қазақстандық спортшыларға және спорт-медициналық орталыққа қосымша жазалар тағайындалуы мүмкін. Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Омар Мұстафин "А" сынамалары алынған Монреальдағы зертхананың шешіміне наразылық білдірудің мүмкін емес екенін айтты.

"Біз спортшыларымызға допингтің жеңіс әкелмейтінін үнемі айтамыз. Сондықтан да біздің білікті спортшыларымыз Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев пен Ермек Өміртайға қатысты спорттан уақытша шеттету шешімі бізді алаңдатты. (...) Біз спортшыларымыздың ар-ожданына сенеміз және оларды қорғаймыз", - деді Мұстафин. Ол федерацияның спортшылардың ағзасына тыйым салынған препараттың қалай тап болғанын анықтайтынын мәлімдеді.

"Біз мұның қателік екенін, бұған спортшылардың қатысы жоғын білеміз. Біздің атлеттердің тағамына тыйым салынған заттардың қалай тап болғанын анықтау үшін барымызды саламыз. Егер кінәлі адам спортшылардың қатарынан табылса, Халықаралық ауыр атлетика федерациясымен бірге оны спорттан шеттетеміз", - деді Мұстафин. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыратлеттер Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайды допинг қолданды деп айыптап, уақытша шеттеткен болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай