22 қараша 2018 15:00

Украинада қазақстандық бодибилдер қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Евгений Прудников. © Instagram Евгений Прудников. © Instagram

Украинада қазақстандық бодибилдер Евгений Прудников қайтыс болды. Бұл мәліметті IFBB қазақстандық бодибилдинг федерациясының өкілдері растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Украинада қазақстандық бодибилдер Евгений Прудников қайтыс болды. Бұл мәліметті IFBB қазақстандық бодибилдинг федерациясының өкілдері растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Федерациядағылар Евгений Прудниковтің қайтыс болғаны жайлы бүгін, 22 қарашада белгілі болғанын айтады. Қайғылы оқиғаның себептері әзірше белгісіз. Бұл оқиға 21 қарашада болған.

"Біздің атлеттің туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Денесін отанына жеткізуге қолдау көрсетеміз. Қайғылы оқиға жайлы Сыртқы істер министрлігіне хабарладық, осы мәселемен Қазақстанның Украинадағы консулымен айналысамыз", - деді республикалық IFBB бодибилдинг федерациясының президенті Александр Колюка.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ФИТНЕС ТРЕНЕР ????️ ВРАЧ ????️Астана (@evgenyprudnikov)

Евгений Прудников 33 жаста болған. Спортшы IFBB ұйымдастарыған қалалық және республикалық жарыстарға қатысқан. Бодибилдингтен және пауэрлифтингтен спорт шебері болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ФИТНЕС ТРЕНЕР ????️ ВРАЧ ????️Астана (@evgenyprudnikov)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети