15 мамыр 2017 08:55

Усэйн Болт қаза болған досына өзі барып, қабір қазып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиаданың сегіз дүркін чемпионы Усэйн Болт жақын досы - биікке секіруден Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Джермейн Мейсонға қабір қазып берді. Әсерлі оқиғаның видеосын Twitter қолданушыларының бірі жариялады. 

"Әйгілі атлет Портландта (Ямайка) үш апта бұрын қаза тапқан досына қабір қазып жатыр", - делінген видеоның сипаттамасында. 

Айта кетейік, Джермейн Мэйсон 20 сәуірде Кингстонда (Ямайка) мотоциклмен келе жатып, жол апатына түскен. Спортшы әуежайға бара жатқан жолда қауіпсіздік шлемін кимеген. Ол мотоциклден құлап, ауыр жарақат алып, кейін қаза болған. 

© Instagram

Мэйсон - Ямайка тумасы. 2006 жылы ол Ұлыбритания азаматтығын алып, содан бері осы елдің атынан өнер көрсетіп жүрген. Атлет Усэйн Болтпен 2002 жылдан бері дос. Джермейн Instagram желісіндегі парақшасында бірге түскен суреттерін де жариялаған. Мэйсонмен қоштасу рәсімі Ямайкада 21 мамырда өтеді.

© Instagram

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети