Владимир Седов шығарған даудың видеосы пайда болды

07 Маусым 2016, 15:41
0
Владимир Седов шығарған даудың видеосы пайда болды - © Vesti.kz
© Vesti.kz

Қазақстандық ауыратлет Владимир Седовтың ел біріншілігінде дау шығарғаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейнебаянда Владимир Седов помостқа шыққаны, бірақ штанганы көтермегені көрінеді. Мұның орнына ол жейдесін шешіп, қолында шайқап тұрып, "Міне сіздерге нағыз Олимпиада чемпионы!" деп айғайлайды. Кейін спортшы сыртқа шығып кетеді. Алайда Седов бұдан кейін қайта шығып, жейдесін алып, көрермендерге лақтырады. Айта кетейік, Седов киіп шыққан жейдеде ресейлік ауыратлет Александр Ивановтың суреті бар екен. Ол Лондондағы Олимпиада-2012-де қазақстандық Илья Ильиннен жеңіліп, екінші орын алған болатын. Ел біріншілігінің фавориті (94 келіге дейінгі тұжырым) турнирге қатысудан осылайша бас тартты.

Айта кетейік, 2009 жылғы әлем чемпионы Владимир Седов мансап жолын өткен жылы аяқтаған болатын. Алайда оның салмақ дәрежесіндегі екі спортшы допинг дауына ілініп, жарыстардан шығып қалғаннан кейін қайта оралған еді.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай