24 ақпан 2019 16:18

Юлия Галышева Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетуден бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юлия Галышева. © Роза Есенқұлова Юлия Галышева. © Роза Есенқұлова

Жапонияның Тадзавако қаласында фристайл-могулдан кезекті әлем кубогы аяқталды. Бірінші жарыс күнінде қола медальмен көзге түскен Юлия Галышева параллельді могулда төртінші орында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеттің сайтына сілтеме жасап. 

Іріктеу кезеңдерінен аттпа өткен Галышева жартылай финалда Олимпиада чемпионы Перрин Лаффонға (Франция) есе жіберді. 

Кіші финалда Юлия аустралиялық Энтони Джакараға қарсылас атануы керек еді. Алайда, қазақстандық спортшы жарысқа шығудан бас тартып, төртінші орын иеленді. 

Перрин Лаффон жеңіске жетсе, америкалық Джейлин Кауф күміс медаль еншіледі. 

Аяулым Әміренова, Олег Цинн, Александр Геберт пен Сергей Романовтар іріктеуден өткен жоқ. Павел Колмаков швециялық Уолтер Уолбергтен ұтылды. 

Ерлер арасындағы сында канадалық Микаэль Кингсбери жеңіске жетті. Екінші орында жапондық Икума Хоришима, үшінші орында франциялық Бенджамин Кавет. 

Айта кетелік, кеше Юлия Галышева жекелей сынды алғашқы үштік қатарына енген болатын. 

2-3 наурыз күндері Қазақстан тарихында тұңғыш рет фристайл-могулдан әлем кубогінің финалдық кезеңі Алматыда өтетінін еске саламыз. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети