Ыстамбұлда жойқын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі түркиялық БАҚ-тарға сілтеме жасап.
Yeni Şafak басылымының мәліметінше, Ыстамбұлдың Силиври жағалауында магнитудасы 3,9 болатын жер сілкінісінен кейін, магнитудасы 6,2 болатын екінші жер сілкінісі тіркелген. Ол 10 секунд бойы сезілген. Зардап шеккендер мен қираулар туралы әзірге ақпарат жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) деректеріне сәйкес, магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі жергілікті уақытпен 12:49-да тіркелген. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Мәрмәр теңізінде, Силиври қаласынан оңтүстікке қарай 26 шақырым жерде орналасқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!