04 мамыр 2024 11:50

Бюджетке кім ең көп салық төлейді: МКК топ-10 компанияны атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) Қазақстандағы ең ірі 10 салық төлеушіні атады. Комитеттің мәліметінше, олар былтыр қазынаны жалпы сомасы 6,4 триллион теңгеге толтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) Қазақстандағы ең ірі 10 салық төлеушіні атады. Комитеттің мәліметінше, олар былтыр қазынаны жалпы сомасы 6,4 триллион теңгеге толтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясының ресми сұранымына жауап ретінде 2023 жылы бюджетке негізгі соманы дәстүрлі түрде мұнай және газ өндіруші кәсіпорындар қамтамасыз етті. Бірінші қатарда "Теңізшевройл" компаниясы орналасқан. Қазіргі заманғы экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдерді өндіретін Қазақстандағы жетекші компания қазынаға 3,7 триллион теңге салық аударымдарын аударған.

Салық түсімдерінің 1,2 триллион теңгеден астамы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.

Ең ірі 10 салық төлеушілер мыналар:

  • "Теңізшевройл" ЖШС – 3 триллион 746 миллиард 454 миллион теңге;
  • "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.", қазақстандық филиалы – 977 миллиард 884 миллион теңге;
  • АО "Маңғыстаумұнайгаз" - 319 миллиард 568 миллион теңге;
  • KAZ Minerals Aktogay ЖШС - 260 миллиард 765 миллион тенге;
  • "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ – 210 миллиард 286 миллион теңге;
  • "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." филиалы - 204 миллиард 402 миллион теңге;
  • "Өзенмұнайгаз" АҚ – 198 миллиард 066 миллион теңге;
  • "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС – 177 миллиард 719 миллион теңге;
  • "Филип Моррис Қазақстан" ЖШС – 168 миллиард 441 миллион теңге;
  • "Азия газ құбыры" ЖШС – 167 миллиард 795 миллион теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети