28 қараша 2024 | 17:02

“Қалай көмектессек болады?“ Желіде Жетісайдағы 7 жасар баланың видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Әлеуметтік желіде Жетісайда жұмыс істеп жүрген 7 жасар баланың видеосы тарап кетті. Бұл видеоға Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде Жетісайда жұмыс істеп жүрген 7 жасар баланың видеосы тарап кетті. Бұл видеоға Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

bota770_ TikTok қолданушысы парақшасында аянышты видео жариялады. Кадрларда баланың зат тиілген арбаны сүйреп бара жатқаны бейнеленген. Әйел баланы тоқтатып, оған бірнеше сұрақ қояды.

"Кім қарайды саған? – деп сұрады әйел баладан.

"Әкем, інім бар, інім 5-те, мен 7-демін", - деп жауап берді бала.

"Мектеп оқымайсың ба?" - деді әйел.

"Жоқ, құжат жоқ", - деп жауап берді бала.

Видеода баланың анасы қайтыс болғаны жазылған.

Видеоға 800-ден аса репост жасалып, 1700-ден аса пікір жазылған. Әлеуметтік желі қолданушылары балаға көмек көрсету жолдарын іздестіріп жатыр. 

"Тауып беріңіздерші мына баланы, әкесінін телефон номері бар ма? Үй, жұмыс, мектеп бәрін шешіп беремін", "Мен документін жасап берейін, маған жазыңыз", "Базардың артында тұрады. 5 жасар інісі де осылай сатып жүреді. Қақаған қыста да, жаздың ыстығында да. Жолласым екеуіне велосипед беріп еді", - деп жазған олар. 

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі өкілдері видеоға қатысты пікір білдірді. Бала шынымен Түркістан облысы Жетісайда тұрады.

"Қамқоршылық органдарының мамандары баланы тапты. Толығырақ ақпарат кейінірек беріледі. Атап өтерлігі, әрбір баланың құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде отбасын, қауіпсіздігін, білім алуын және лайық өмір сүру жағдайларын қорғау - басты міндет. Бұл мәселе толығымен шешілмейінше Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында болады", - деді ведомство өкілдері. 

Комитеттегілер баланың анасы тірі екенін анықтады.

"Қазір тиіс органдар барлық мән-жайды анықтап жатыр", - деп толықтырды ведомствоғылар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 512.52   544.72   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети