29 қараша 2024 | 12:27

+10 жыл: ғалымдар өмірді ұзартатын әдетті атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ru.freepik.com Фото: ru.freepik.com

Аустралиялық ғалымдар зерттеу жүргізіп, ұзақ өмір сүру үшін күн сайын ұзақ серуендеу жеткілікті екенін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Аустралиялық ғалымдар зерттеу жүргізіп, ұзақ өмір сүру үшін күн сайын ұзақ серуендеу жеткілікті екенін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Аз қозғалудың қаупі

Бүгінгі таңда аз қозғалу көптеген ауруға әкеліп жатыр. Мысалы, екінші типтегі қант диабеті, жүрек және қан тамырлары патологиялары, қатерлі ісік секілді қауіпті аурулардың қауіп факторына гиподинамия кіреді. Ол сондай-ақ ерте өлімге әкелуі мүмкін.

Зерттеу барысы

Квинслиндтегі Гриффит университетінің ғалымдар тобы зерттеу жүргізді.

Зерттеу барысында ғалымдар 40 жастан асқан 36 мыңнан астам ересек адамның деректерін талдайды. Қатысушылар күніне 10 сағат бойы фитнес-трекерлер тағып жүрді, ғалымдар содан алынған мәліметтерді қолданды. Статистиканы 2017 жылғы өлім туралы деректермен толықтырды.

Зерттеу нәтижесі

Денсаулықты сақтау үшін 19-64 жас аралығындағы ересектер мына нәрселерді жасау керек:

  • Күніне кемінде 150 минут аэробты белсенділік. Бұл жүгіру, велосипедпен жүру, жылдам жүру болуы мүмкін;
  • Аптасына екі рет күштік жаттығулар жасау.

Сондай-ақ мына нұсқаны таңдауға болады:

  • 75 минуттық аэробты жүктеме, мысалы, теннис ойнау;
  • Аптасына екі рет бұлшықеттерге арналған күштік жаттығулар жасау. 

Мынадай да нұсқа бар:

  • Аэробты жүктеменің екі түрін үйлестіру, мысалы, 30 минут жүгіру және 30 минут жылдам жүру;
  • Күштік жаттығулар.

Жаяу жүруге келетін болсақ, адамдардың ең аз белсенді төрттен бір бөлігі күніне шамамен 50 минут, басқа топ 80 минут, үшінші топ 110 минут жүрді. Ең белсенділері шамамен үш сағат - 160 минут жүрді.

Егер адам ең аз белсенді топқа түссе, ода өмір сүру ұзақтығының 5,8 жылын жоғалту қаупі бар. Күніне орта есеппен 111 минут жүргендер аз жүретін адамдармен салыстырғанда 11 жылға ұзағырақ өмір сүретіні анықталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 512.52   544.72   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети