45 градусқа дейін аптап. Қалай қауіпсіз демалуға болады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Бірнеше күннен бері Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты ыстық болып тұр. Алда демалыс күндері – көп адам табиғатқа, тауға, көкке шығуды жоспарлап отыр. Мұндай ауа райында қалай қауіпсіз демалуға болады? 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бірнеше күннен бері Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты ыстық болып тұр. Алда демалыс күндері – көп адам табиғатқа, тауға, көкке шығуды жоспарлап отыр. Мұндай ауа райында қалай қауіпсіз демалуға болады? 

Тауға шығу

Құтқарушы Вадим Пак тауға шықпас бұрын ауа райы болжамын міндетті түрде тексеруге кеңес береді. Егер аптап күтілсе, сапарды қолайлы күнге шегерген дұрыс. Дегенмен, егер жолға шығуға бел бусаңыз, қарапайым, бірақ өмір үшін маңызды ережелерді бұлжытпай орындау қажет.

Тауға жалғыз бармаңыз – топпен жүріңіз. Маршрутты алдын ала зерттеңіз, жолға шығар алдында фотоға түсіп, туыстарыңызға қайда, қашан баратыныңызды және қашан оралуды жоспарлап отырғаныңызды хабарлаңыз. Міндетті түрде күннен қорғайтын крем қолданыңыз.

Таңертең ерте жолға шығыңыз

Тауларда ыстық сағат 10–11-ден кейін күшейе түседі. Күн шықпай тұрып жолға шыққан дұрыс, ал түскі уақытта көлеңкеде немесе су маңында болыңыз. Бұл қызу мен күн өтудің алдын алады, дейді ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының бөлім басшысы.

Жеңіл, бірақ жабық киім киіңіз

Ашық тері аймақтары тез күйіп кетеді. Ең дұрысы – тез кебетін және ауа өткізетін ашық түсті маталардан тігілген киім. Мұндай киім ультракүлгін сәуледен қорғайды және дененің қызуына жол бермейді.

Бас киім 

Бас киім күн өту қаупін азайтады. Кең жиекті панама бас, бет, құлақ пен мойынды қорғайды. Егер сіз кепка кисеңіз, мойынға шарф немесе бафф тағу ұсынылады.

Суды тұрақты түрде ішіңіз

Шөлдегенше күтпеңіз – әр 20–30 минут сайын бірнеше жұтым су ішіп отырыңыз. Әсіресе тауда су – ең басты ресурс.

Күн өту белгілерін бақылаңыз

Егер әлсіздік, бас айналу, жүрек айну сезілсе – бұл күн өту белгісі болуы мүмкін. Мұндай белгілерге көз жұмбаңыз. Алғашқы белгілер пайда болғанда тоқтап, демалыңыз, қажет болса көмек сұраңыз.

Күшіңізді дұрыс бағалаңыз

Ыстықта тіпті таныс маршрут та қиын болуы мүмкін. Жолды артық қормен жоспарлаңыз. Егер қатты шаршасаңыз – жолды қысқартып, қайтыңыз. Қауіпсіздік әрқашан маңызды.

Жалпы ұсыныстар

Астана медицина университетінің балалар анестезиологиясы және интенсивті терапия кафедрасының меңгерушісі Нұрила Малтабарова ыстықта қарапайым сақтық шараларын еске салады:

Күннің ең ыстық уақытында сыртқа шықпаңыз

Сағат 11:00–17:00 аралығында далаға шықпаған жөн. Міндетті түрде бас киім киіп, ашық түсті, кең киім таңдаңыз және көлеңкеде жүруге тырысыңыз.

Су ішуді ұмытпаңыз

Салқындататын сусындар ішіңіз – шай, морс, компот. Алкоголь мен тәтті газдалған сусындардан аулақ болыңыз. Күні бойы ағзадағы су балансын сақтаңыз.

Балалар мен егде жастағыларға ерекше көңіл бөліңіз

Оларды жабық көлікте немесе бөлмеде қалдырмаңыз. Жиі су беріп, жағдайын бақылаңыз, ең ыстық уақытта серуендеуден бас тартыңыз.

Егер сіз пикникке баруды жоспарласаңыз, ашық күн астында ұзақ болудан аулақ болыңыз. Көлеңкеде болған дұрыс, аш қарынға немесе тамақ ішкен соң бірден күнге жатпаңыз. Күн ваннасын қабылдаудың ең қолайлы уақыты – тамақтан кейін 1–1,5 сағаттан соң. Әсіресе балалар мен егде жастағыларды мұқият бақылаңыз. Алаңдатарлық алғашқы белгілер пайда болса, медициналық көмекке жүгінуді кешіктірмеңіз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.57  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer