03 шілде 2018 11:31

Бөтен балаға неге дауыс көтеруге болмайтынын білесіз бе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бала ата-ананың ыңғайына қарай өмір сүруге міндетті емес. Есейген кезде бала ата-ана атанып, ақыл тоқтатқан кезде көбі баласына дауыс көтермеуге, олардың жеке ойын тыңдауға және сыпайы боламын деп, уәде берген. Кенеттен сіз көрші пәтердегі балалардың айғайлаған даусын естіп, сіздің көлігіңізге доп тепкенін көріп немесе сіздің балаңызды ренжітіп жатқанын көрген кезде өзіңізді Фрекен Боктан еш айырмашылығыңыз жоқ екенін байқайсыз...


Бала ата-ананың ыңғайына қарай өмір сүруге міндетті емес. Есейген кезде бала ата-ана атанып, ақыл тоқтатқан кезде көбі баласына дауыс көтермеуге, олардың жеке ойын тыңдауға және сыпайы боламын деп, уәде берген. Кенеттен сіз көрші пәтердегі балалардың айғайлаған даусын естіп, сіздің көлігіңізге доп тепкенін көріп немесе сіздің балаңызды ренжітіп жатқанын көрген кезде өзіңізді Фрекен Боктан еш айырмашылығыңыз жоқ екенін байқайсыз...

Неліктен балаға қол жұмсап, дауыс көтермеу керек? Балалар қоғамдық тәртіпті я болмаса заңды бұзса не істеу керек? Балаңыз қоғамдық тәртіпті бұзып жатса қалай жақсы ата-ана кейпін сақтап қалуға болады? Неге әрқашан өз балаңыздың жағында болуыңыз маңызды? Осы сұрақтардың жауабын алматылық полимодальдық психолог, аналитикалық бағыттағы психолог, Ресейдің психотерапиялық кәсіптік лигасының жетекшісі Ольга Солоненко біледі. Маман бала мен ата-ана қарым-қатынасы жайлы да кеңес береді.

Жақсы ата-ана деген кім? 

- Ольга Вячеславовна, бірінші сұрақ сіздің қызметіңіздің сипаттамасынан туындады. Балалары қиындық туғызған ата-аналар қаншалықты жиі психологқа барып тұруға дайын?

- Ең дұрысы бала мен ата-анаға кеңес беру қатар жүреді. Нағыз психолог ересек адамның психологиялық күйін және баланың мінез-құлқындағы проблемалардың неліктен туындағынын түсіндіреді. Балалар сәби кезінен ата-анасының күйзеліске ұшыраған кезін сезеді, анасы физикалық тұрғыдан жақын, бірақ баланы сезінбейді. Егер ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас дер кезінде түзелмесе, онда бала тұрақты аурумен, дәрменсіздікпен маскүнемдік және нашақорлықпен "кек алады". Дәл мұндай сипаттамада болмаса да, балалар іштей өзін бақытсыз, қорғансыз сезінеді. 

Барлық отбасы мүшесі психологқа келген кезде кеңес беру тиімді. Неге? Себебі, ата-ана баланы психологқа жалғыз жіберсе, маман оны міндетті түрде қолдайды. Бірақ бала өзгерген кезде, отбасы сол қалпында қала берсе регрессией басталады. Егер олар психологиялық кеңестерден бірге өтсе, онда отбасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіріп, бала қоршаған әлемді сезініп, өзін толыққанды сезінетін болады. Психотерапияның созылу уақыты көптеген факторларға байланысты: ата-ананың жеке басын ұйымдастыру, отбасында орын алып тұрған  атмосфера, өзгеруге дайындық.

Ата-ана психологқа келген кезде, ол оның "жынды" дегенін білдірмейді. Көбісінің психологиясы сондай. Ол дұрыс емес. Бұл баланың өмірін жалғыз өзі жақсарта алмайтын дәрменсіздігін көрсетеді. Психологияда көмекке жүгінетін ата-ана - ол жақсы ата-ана дегенді білдіреді. Дәрменсіздік ашушаңдықты шақырады. Психологтың міндеті ата-анаға қиын сәтте дұрыс жолды көрсетіп, бағыт-бағдар беру. Дәл ұшақ кезінде айтылатындай: "Бірінші өзіңізге, кейін балаңызға оттегі маскасын кигізіңіз", - дегендей тек өзіңізді сақтап, сабырлық сақтай алсаңыз ғана балаңызға көмектесе аласыз. 

- Осы жерден жеткілікті жақсы ата-ана дегенді тереңірек түсіндіріп кетсеңіз?

Жақсы ата-ана деген ол баласы жасына қарай өскен кезде. Жасына қарай мінезі, сабақ үлгерімі жақсы, барлығы бес емес, бірақ ұнататын сабақтарында бес алады, достары бар, отбасында бір мәселе туындаған кезде ұрыспен емес, түсіністікпен қарайды. Болашақта қандай мамандықты таңдайтыны, кім болатынын өзі шешеді. Ал ата-анасы ол таңдаған шешімін тек қолдайды. Міне, нағыз үлгілі таңырқай қарайтын ата-ана. 

- Балаларды жас аралығында өзінің проблемасы болмайтыны, тек ата-анасы үшін депрессияға түсіп, уайымдайтыны қаншалықты рас? 

- Сөзіңіздің жаны бар. Балалар ата-анасынан не көрсе, соны істейді. Бірақ баланың қоршаған ортасына, араласатын достарының отбасына қарау керек. Себебі дәл осы кезде салыстырмалы психология болады. Бала өзін басқалардың қатарында кем сезінуі, қанағат болмаса онда себеп қайтадан сізге келіп тіреледі. Мысалға алып мына тұрған қабырғаны алайық. Одан сіз теуіп шығасыз ба, сындырып шығасыз ба, секіріп пе, әлде жай келесі бетінен өтіп кетесіз бе - ол сіздің шешіміңіз. Ата-ана не істесе де, бала санасымен сол ата-ананың бұрындары қабылдаған шешімін қабылдайды. 

- Ол күмәндар қанша жастан бастап туындайды?

- Әркімде әрқалай. Қазіргі жастар жан-жақты. Бәрін біліп отырады. Мүмкін әр баланың қолында ұялы телефон болғандықтан ба екен. Маған осы жақын арада 25 жастағы бір қыз келді. Оның ақыл-ой жүйесі, түсінігі көп үлкен ересектен өзгеше және дұрыс болды. Оның айтуынша, ол ата-анасы секілді тәрбие бермегеніне өзін кінәлайды екен. Осыны менен дұрыс па, бұрыс па деп білу үшін сұрауға келген. 


© seyminfo.ru

Бала - жеке тұлға

- Неге басқаның баласына ұрысып, ескерту жасауға болмайды?

- Жауап бір. Балада жасына байланысты физикалық, ойлау және психикалық шектеу болады. Мінез-құлықтағы  "қиындықтар" көбінесе ересектердің бала жасына сай емес нәрселерді талап ететіндіктен пайда болады. Мәселен, төрт жастағы баладан кезекке тұруды немесе тыныш жүріп, ересектерді алаңдатпауды сұрайды. Бұл жаста оларға гиперактивтілік пен әр нәрсеге қызығушылық тән. Немесе сегіз жастағы балаға ересектердің, эмоциялық, проблемасын жүкейді. Мысалы, некедегі ұрыс-керіс балаға ауыр тиеді жіне бұл оған зиян келтіруі мүмкін.

Балаға ата-анадан берілген тәрбие, оның тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Бала көшеде өзін құлықсыз, бұзық ұстаса, бұл ата-ананың тәрбие бергендегі қателігінің көрінісі. 

Басқаның баласы балаңызды ұрып немесе ренжітіп қойса, оны ұрсып, жамандаудың қажеті жоқ. Оның ата-анасына барып жағдайды айту керек. "Сіздің балаңыздың мұндай жерде өзін ұстауы қате немесе менің балама қатысты қылығы дұрыс болмады. Балаңызбен сөйлессеңіз жақсы болар еді", - деп түсіндіру керек. Себебі ата-ана ғана жақсы-жаманды айтып, баланың дүниетанымын өзгерте алады.

Ересек өзгенің баласын сөзбен болсын жазаласа, ол ашуын қорғансыз баладан алғаны. Бұл жағдай бала үшін өте күшті психологиялық стресске айналуы мүмкін. Ұлдар мен қыздарға "барлық сұрақтар анама(әкеме) бағытталсын" деген тіркесті үйретсе жақсы болар еді. Бұл дегеніміз, "Сіздің менімен бұлай сөйлесуге құқыңыз жоқ, мен - жеке тұлғамын, менде де құқық бар, ал егер бірдеңені ұнатпайтын болсаңыз, ата-анаммен хабарласыңыз, себебі олар 18 жасқа дейін мен үшін жауапты". Балаға қатысты барлық мәселені оған тікелей әсер ететін ата-аналармен талқылау керек.

- Сіз заңдар жиынтығын оқып шыққан секілді сөйлейсіз...

- Бүгінде Қылмыстық кодекс моральдыққа ұқсайды, айырмашылығы өте аз. Айтпақшы, Қылмыстық кодексте адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiргені (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 131-бабы "Қорлау", 130-бабы "Жала жабу" - жазба авт.) үшін жаза қарастырылған. Бұны көпшілік қылмыс деп санамайды. Себебі адамдар абырой тек ересектерде ғана емес, балаларда да бар екенін түсінбейді. Олар шекараны бұзып, басқа балаға агрессиясын көрсетсе, онда мұны өз баласына да жасауға болады деп ойлайды.

- Бүгінде өзгенің баласын айыптайтындар аз ба, көп пе?

- Соңғы жылдары жағдай айтарлықтай жақсарды деп ойлаймын. Ақпараттық заман ата-ананың мінез-құлқы мен құндылықтарын қайта қарауға мүмкіндік береді. Мен айналамда баланы тұлға ретінде қарайтын жандарды көп байқайтын болдым.

- "Балаңыз өзін дұрыс ұстай алмайды, оған сіз кінәлісіз" деген айыптау ретінде санала ма?

- Ата-анаға баланың бұрыс әрекеті туралы хабарлау үшін келгенде нақты айғақтармен ойыңды жеткізу өте маңызды. Ата-ана жаман немесе жақсы деп баға бермегені дұрыс: "Балама сіздің балаңыздың тарапынан қолайсыздық туды. Қателікті түзеуді сұраймын". Адамға баға бермей, наразылық білдіру - үлкен өнер. Мұндайда "Баламыздың осындай қарым-қатынасы отбасымызға жол берілмейді. Олардың достығы ары қарай жалғасын табуы үшін, жағдайды өзгертуіңізді сұраймын. Болмаса балаларымыз бұдан былай сөйлеспейді", - деп айту керек.

Ата-ана өз баласын қорғай алса, мұндай қоғамда балалар өзін қауіпсіз сезінеді. Олар физикалық зорлық-зомбылық пен достықтың, қолдау мен қорлаудың айырмашылығын түсінеді. Баланы көшедегі достары "топас, ақымақ" деп балағаттаса және ол өзін жағымсыз сезінсе, бала мұндай қарым-қатынастан шығып, жаңа достар тауып алады.

- Біз қай жастағы бала туралы айтып отырмыз?

- Қоғаммен тығыз қарым-қатынас алтыдан жеті жасқа дейінгі және одан үлкен балаларда басталады. Бес жасқа дейін ата-ана баланың мінез-құлқын, шекара нормаларын қалыптастырады. Егер анасы өзін ұруға рұқсат берсе, бұл қылығын жаман деп айтпаса, баланың шу шығарғанына кедергі келтірмесе, онда ата-ананың балаға басқаларды да ұруға рұқсат бергені. Содан кейін құмда ойнап отырған бала әріптесін күрекпен ұрып қояды. Баланың жағымсыз қылығына шектеу қою жай әңгімеден емес, туғаннан бергі ұзақ процестен қалыптасады.

Балаға неге бұл әрекетті жасауға болмайтынын айту өте маңызды. Егер біз жай ғана тыйым салатын болсақ, онда үлкендер позициясынан "Мен ақылдымын", "Мен жақсы білемін", яғни басып тастаушы позицияға ауысамыз. Баланы жеке тұлға ретінде қарастырсақ, онда неге қажет емес екенін түсіндірген абзал. Тек тыйым салмаңыз, оның қандай салдары болуы мүмкін екенін түсіндіріңіз. Содан кейін бала біртіндеп жауапкершілік сезімін қалыптастырды. Бұдан басқа, әңгіме кезінде ойлау жүйесі мен нейрон байланыстары дамиды. Бала түсінетін тілде сөйлеу маңызды. Мұндай қарым-қатынас болмаса, онда бала барлығын қоғамнан алады. 


© v-chelny.ru

Бала кезімнен жадымда сақталып қалған бір оқиға бар. Баласы анасына бір мәселесімен келген кезінде "Өзің шеш" деп қарамауға тырысатын. Сонда осының ортасын ұстану үшін, дұрыс бағытта болу үшін не істеу керек. Балаға қай кезде "өзің шеш" деп және қай кезде өз еркімен жіберу керек? 

- Өте жақсы сұрақ. Мысалы бала аулада болған әңгімені айтып келсе, "Біреулермен сөзге келіп қалдым" десе өзі шешуі керек. Еркек мінезі осы кезден бастап қалыптасады. Ал егер іс бірін-бірі ұрып, төбелеске дейін барып, жеке өміріне қолсұғушылыққа дейін барса, баланың ата-анасымен я болмаса құқық қорғау ұйымдарымен сөйлесу керек. 

- Бірінші болып менің балам ренжітсе? 

- Сабырлы түрде олай істеуге болмайтынын түсіндіру қажет. Ортақ шешімге келетін басқа жолдары бар екенін түсіндіру маңызды. Алайда, сені бірінші болып ұрса, оған сенің де еркек намысың бар екенін көрсетіп оған жауап қайтарасың. Оған жауап ретінде жұдырық ала жүгіру қалыпты жағдай екенін ата-ана түсінуі керек. 

Қазір қыздар ұлдарға бірінші болып қол көтереді, мұндай кең етек алып жатқан жағдайда не істеу керек? Біріншіден әр ұл бала қызға тиіспеу керек екенін біледі. Қыз балаға қол көтермегені де дұрыс. Бірақ, ұл қызға бірінші рет ескерту жасап, екінші рет итеріп, үшінші рет есебін беріп, жауап қайтаруға тиісті. 

 - Бүгінде ата-ана өз баласының жағында болуы тиіс деген қағидат бар

- Иә, мен оған толық келісемін. "Сен өзің кінәлісің" ұстанымы - бұл өзінің жаман ата-ана екенін және баланың осы дүниеде аман қалу жолдарын үйретпегенін мойындау. Біз балаларға қолдау көрсеткенде "Иә, бұлай болды, бірақ онымен не істеуге болатынын көрейік. Сен ақылдысың. Сенде бұл жағдайда басқаша әрекет жасау үшін білімің мен қабілетің жетіспеді" деп айту керек. Яғни, ата-ана мойнына жауапкершілік ала отырып, балаға қарым-қатынас жасау мен қалай өмір сүру керектігін түсіндіру керек. Бұл қолдау болашақта балаға көмектеседі: ол сынға төтеп бере алатын болады. Бұл тәрбие баланың ішкі күшіне айналады.

Баланы жасына қарай әдепке үйреткен жөн. Мәселен үш жаста, өз бетімен жүруге, бес жаста қоғаммен қарым-қатынасқа, ал жеті жаста не істеуге болады, болмайды, нені жасау керектігін түсіндіру керек. Бұл жалғасын табатын процесс.

Анасы балаға қандай қатынас керектігін қадағалап жүреді. Мысалы, бала "бұл менің кесем" деп айтса, оған "жарайды, бұл сенің кесең. Оны өзің жуып, қарап жүресің. Енді сен кесеге жауаптысың" деп жауап қайтарған дұрыс болады. Балаға жауапкершілік арту өте маңызды. Бірақ ол балаға қиын болмауы үшін біртіндеп беріледі. Себебі ата-ананың міндеті баланы оларсыз өмір сүруге үйрету емес пе. 


© ugranow.ru

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети