Ажырасу кезінде ипотекаға алынған пәтер бөліске салына ма?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Ажырасу кезінде ерлі-зайыптының ортақ мүлігінің бәрі бөліске салынады. Ал сол мүлікті ипотекаға алған ерлі-зайыптылар не істейді? Мұндай жағдайда жылжымайтын мүлік бөліске салына ма? Бұл сұрақтардың жауабын Massaget.kz тілшісі адвокат Альбина Бахтиярқызынан сұрады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ажырасу кезінде ерлі-зайыптының ортақ мүлігінің бәрі бөліске салынады. Ал сол мүлікті ипотекаға алған ерлі-зайыптылар не істейді? Мұндай жағдайда жылжымайтын мүлік бөліске салына ма? Бұл сұрақтардың жауабын Massaget.kz тілшісі адвокат Альбина Бахтиярқызынан сұрады.

Адвокаттың айтуынша, некені бұзу кезінде мүліктер ғана бөліске түспей, ортақ қарыздар мен міндеттемелер де бөлінуі мүмкін. Егер пәтер некеде тұрғанда сатып алынса, ол ортақ мүлік саналады және екіге бөлінеді.

Альбина Бахтиярқызы сондай-ақ мүлікті бөлу және банк алдындағы ипотекалық міндеттеме - екі түрлі ұғым екенін алға тартты. Ипотекасы бар ерлі-зайыптының ажырасуы әдеттегі ажырасудан ерекшеленеді, өйткені брінші жағдайда үшінші тарап - банк бар.

"Кез келген мүлік қолма-қол алынса да, ипотекаға алынса да, ерлі-зайыптының ортақ мүлкі саналады. Тағы бір назар аударатын жайт - міндеттеме. Біріншіден, егер неке шарты болмаса және ипотеканы жұбайы рәсімдесе, онда, тиісінше, міндеттеме күйеуіне жүктеледі. Яғни банк міндеттемені тек жұбайынан өтеуді талап етеді. Немесе керісінше", - дейді Альбина Бахтиярқызы.

Қарыз толық төленбейінше, пәтер иесі несие берген банк болып қала береді. Дегенмен ерлі-зайыптылар заңды түрде тұрғын үйді тең бөлуге құқылы, өйткені олар оны неке кезінде алған. Бірақ қарызды, әдетте, ерлі-зайыптының біреуі ғана төлейді.

"Ерлі-зайыптылар олардың біреуі ортақ қарыз алушы болған жағдайда ғана ортақ жауапкершілікке тартылады. Егер неке шарты болса және банктік қарызды өтеу шарттары болса, онда келісімшартқа сүйеніп, ипотеканы ерлі-зайыптылардың екеуі де төлейді", - деп түсіндірді адвокат.

Ипотекаға алынған мүлікті бөлу қалай жүзеге асырылады?

  • Екі тарап теңдей бөліседі. Егер ипотеканы бірге төлеген болса, пәтер екіге бөлінеді, ал біреуінің оны алуға құқығы болмаса, екінші тарап өтемақы төлейді;
  • Мүлік ипотекаға төлеп отырған тарапқа қалады. Егер бір жұбайы ипотеканы өзі төлегенін дәлелдесе (мысалы, жалақысынан ғана төлем жасалса), сот пәтерді соған қалдырып, екінші тарапқа өтемақы беруі де/бермеуі де мүмкін.
  • Ипотекалық шартта кімнің аты жазылғанына байланысты. Егер тек бір жұбайының атында болса, сот несие төлемін ескеріп, соған қалдыруы мүмкін.
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer