15 сәуір 2014 12:24

АҚШ-тың Қазақстаннан үйренері көп

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Осыдан 25 жыл бұрын елімізде қазақ жеріндегі ядролық сынақтардың зардаптарын жоюды мақсат еткен «Невада-Семей» қозғалысы құрылған болатын.


 Осыдан 25 жыл бұрын елімізде қазақ жеріндегі ядролық сынақтардың зардаптарын жоюды мақсат еткен «Невада-Семей» қозғалысы құрылған болатын.

Қырық жыл бойы ядролық жарылыстардан көз ашпай келген қазақ жеріндегі сынақтардың бір күнде тоқтатылуы шын мәнінде үлкен тарихи оқиға болғаны аян. Қазақстан ядролық жарылысты тоқтату бойынша әлем елдері арасынан алғашқы болып батыл қадам жасады. «Семей ядролық сынақ алаңын жабу туралы» Жарлыққа қол қойған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл қадамы ерлікпен пара-пар еді», — дейді Қазақстан Республикасы Парламентінің экс-депутаты, медицина саласының үздігі, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы Батыс аймағы филиалының директоры Ізімғали Көбенов.

— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Гаагада өткен ІІІ жаһандық саммитте айтқан ұсыныстары, болашаққа деген жоспарлары әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған саммит қатысушыларының көңілінен шықты деп сенемін. Себебі Қазақстанның бұл салаға қатысты батыл пікірлер айтуына толық моральдық құқы бар. Қазақ жерінде ядролық сынақтар 40 жыл бойы жүргізілді. Сынақтардың біздің халқымызға тигізген зардабы аз емес. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасымен сол зардаптарды жою барысында көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Семей ғана емес, Қазақстанның батыс өңіріндегі Капустин Яр, Азғыр, Ембі-5, Нарын, Тайсойған секілді елді мекендерде қанша жарылыстар жасалып, қарулар сыналды. Сол сынақтардың барлығының халық денсаулығына зиян тигізгені мәлім. Бірнеше жылдан бері халықтың денсаулығын, тұрмыс-тіршілігін жақсарту мақсатында аталған өңірлерде мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы Жанқала ауданында мемлекеттік медициналық орталық салынды, ол жерде азаматтар тегін барып емделе алады. Жақында Маңғыстау облысында осы тақырыпта үлкен конференция өткізілген болатын, оған елімізге белгілі экологтар, медицина саласының мамандары, министрлер қатысты.Сол мәжіліс барысында Ақтауда типтік облыстық онкологиялық аурухана салынатыны туралы айтылды. Сонымен қатар, Азғыр, Капустин Яр сынды елді мекендерде де кезек күттірмей атқарылуы тиіс жұмыстар баршылық, — дейді І.Көбенов.

Еліміздің батыс аймағында болған ядролық сынақтар зардабы Семей полигонының зардабына парапар деуге болады. Кеңес Одағы кезінде Қазақстанның батыс аймағында 40-тан астам ядролық сынақ болған. Батыс өңіріндегі Капустин-Яр, Азғыр полигондарында 25 мыңдай зымыран сынақтан өткізіліп, ұшырылған. Оның ішінде 619 баллистикалық ракета болды. Олар да жер бетінде арнайы жарылып, сыналды. Ракеталардың әрқайсысы қоршаған ортаға 50 тоннадан астам қауіпті улы заттар шығарған. «Бұл аумақта әскери қару-жарақтың алып 180 түрі сынақтан өткен», — дейді сұхбаттасымыз Ізімғали Көбенов.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети