11 қыркүйек 2014 16:25

Әншілер тілшімін деп сөз бермейді...

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаш айнасы иллюстрациясы Алаш айнасы иллюстрациясы

Күні кеше елімізде тағы бір музыкалық телеарнаның қосылғанын жазып, өздеріңізден сүйінші сұрағанбыз. Жап-жаңа Gakku TV-ның іске қосылғанына қуаныштымыз, әрине. Бізді қуантқаны, жаңа арна тек отандық орындаушыларымыз бен әнші-сазгерлерімізді насихаттайтыны және арнаның тек шоу-бизнесті ғана емес, еліміздің мәдени өміріндегі жаңалықтарды қамтитыны. Алайда телеарна басшылығы мен продюсерлері эфирде жұмыс істейтін тележүргізушілер көрерменнің көңілінен шықпай қала ма деп әзірге оларды кадр сыртында қалдыруды ұйғарыпты. Соған қарағанда жүргізушілердің кәсібилігі күмән келтіреді-ау. Бұл музыкалық мәдени арна болғандықтан мұндағы бағдарламаларды да әнші-бишілер жүргізетін шығар деген ой келді бізге. Өйткені қазақ эстрадасының ханымы Роза апамыз бүгінде кәсіби журналист жоқ деп ренжіп жүрген жайы бар.

Таяуда Gakku TV жаңа телеарнасының іске қосылуына және 13 қыркүйекте Алматы қаласындағы «Астана» алаңында тұңғыш рет өткізілетін «Gakku дауысы» жаңа музыкалық фестиваліне арналған баспасөз мәслихатына қатысқан халық әртісі Роза Рымбаева көпшілікке өзінің назын білдірді.

– Әншілер тек концерттерде жүргізуші болып жұмыс жасай алады. Өйткені өзінің мамандығына қатысы бар. Ал жалпы журналистік жұмысты әншілердің атқарғанына дұрыс қарамаймын. Мүмкін бұл проблема дұрыс журналистердің жоқтығынан болар. Мен әлі күнге музыкалық тақырыпты кәсіби тұрғыда талқылай алатын журналистерді кездестірген жоқпын. Олардың көбінің қоятын сұрақтары тұрмыстық деңгейде. Оларды менің қандай киім киіп, қандай тамақ ішетінім, қандай көлік мінетінім ғана алаңдатады. Нағыз музыка тілінде сөйлесетін журналист жоқ, – дейді Роза Қуанышқызы.

Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар әнші апамыздың бұл сөзіне біздің де айтар уәжіміз бар. Осы тұста Роза Рымбаева апаммен болған бір сұхбат есіме түсіп отырғаны...

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети