01 тамыз 2014 12:05

Артаев ақталды, бірақ Айсұлу жеңілер емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың қатысуымен болған оқиға жөніндегі қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды «Алаш айнасы» боксшының қорғаушысы Жарқынбек Жұмыровқа сілтеме жасап.


Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың қатысуымен болған оқиға жөніндегі қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды «Алаш айнасы» боксшының қорғаушысы Жарқынбек Жұмыровқа сілтеме жасап.

Даулы іске қатысты қорғаушы "Қылмыстық іс қылмыс құрамының жоқтығына байланысты тоқтатылды", – деп жауап берді. Ал Instagram әлеуметтік желісінде Бақтиярдың досы, «Жігеттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов боксшымен бірге отырған суретін салып, істің оң шешіммен аяқталғанын жазады. "Ал, Бәке досым ақ жол!!! Елдi шулатқан жала әдiлдiкпен шешiлгенiне қуаныштымын! Ендi жолыңызда еш бөгет болмасын. Лондондағы оқуды ойдағыдай оқып келiп, Қазақ елiне қызметiңiздi қайта жалғастыруды Жаратқан нәсiп етсiн!!! Көрiскенше күн жақсы. Ұзақ сапар сәттi болғай! Бiр жарым жылыңыз – бiр жарым күндей боп өте шықсын. Шығарып салып тұрған сәт. 31.07.14" деп жазба қалдырды әнші.

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық істің аяқталғанын зардап шеккен Айсұлу Ыбрашеваның өзі де айтты. «Қылмыстық іс нақты дәлелденбегеннен кейін Астана қаласының ІІД бұл істі жауып тастады. ІІД өкілдерінің айтуына қарағанда, мен енді оны Азаматтық сотқа беруіме болады екен. Бірақ, боксшының кесірінен миым шайқалып кетті. Одан бөлек Бақтияр жұрттың көзінше мені масқаралады. Менің ойымша бұл Азаматтық сотта қаралатын іс емес», – дейді ол.

Сонымен қатар Айсұлу алдағы уақытта Президент әкімшілігіне, «Нұр Отан» партиясына және Бас прокуратураға шағым білдіретінін айтты.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети