Ауа райы: Қазақстанда 81 жыл бұрынғы рекорд жаңарды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©️ depositphotos.com ©️ depositphotos.com

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, 2025 жылдың наурызы кейінгі онжылдықтағы ең жылы айлардың бірі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, 2025 жылдың наурызы кейінгі онжылдықтағы ең жылы айлардың бірі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ел бойынша орташа температуралық фон климаттық нормадан 1–5 градусқа жоғары болды. 16–22 наурыз аралығында бірқатар өңірлерде кейінгі жылдары тіркелген рекорд температуралық көрсеткіштер жаңарды. Атап айтқанда, бұл рекордтар 2023 жылы орнаған – ол Қазақстандағы метеобақылау тарихындағы ең жылы жыл болып саналған.

Мысалы, Оралда 16 наурызда ауа температурасы +19,2°C болды, бұл климаттық нормадан (+12,1°C) әлдеқайда жоғары.

Ақтөбеде 17 наурызда күн жылынып, ауа температурасы +13,4°C-қа жетті (норма – +9,3°C).

Петропавлда 18 наурызда температура +10,9°C болды, бұл 2023 жылғы рекордты (+4,0°C) жаңартты. 19 наурызда термометр +12,6°C көрсетіп, 2015 жылғы бұрынғы максимумды (+4,2°C) басып озды.

Көкшетауда 18–19 наурызда ауа температурасы +11,9°C-қа жетіп, сәйкесінше 2013 жылғы (+7,4°C) және 1970 жылғы (+6,1°C) рекордтарды жаңартты.

Қостанайда 18 наурызда +9,1°C, 2023 жылғы рекордтан (+5,1°C) жоғары болды. 19 наурызда +14°C көрсетіліп, 2020 жылғы (+6,2°C) максимумнан асып түсті.

Павлодарда 18 наурызда ауа температурасы +8,8°C болды, бұл 2007 жылғы рекордты (+6,6°C) жаңартты. Ал 20 наурызда +14,4°C көрсетіп, 2016 жылғы (+10,2°C) рекордтан жоғары болды.

Қарағандыда 19 наурызда +10,1°C тіркеліп, 2013 жылғы (+8,2°C) бұрынғы максимумнан асып түсті.

Астанада 20 наурызда +9,1°C болды, бұл 2016 жылғы (+7,1°C) рекордтан жоғары көрсеткіш.

Елдің оңтүстік-шығысы мен шығысындағы кейбір аймақтарда да жаңа температуралық рекордтар тіркелді. Алматыда 18 наурызда +19,5°C болып, 2001 жылғы (+19,2°C) рекорд жаңартылды. 21 наурызда +24,8°C тіркеліп, 2018 жылғы (+23,1°C) максимумнан асып түсті.

Шығыс Қазақстан облысында, Семейде 21 наурызда күндіз +14,6°C тіркеліп, бұл 81 жыл бұрын, 1944 жылы тіркелген (+10,8°C) тарихи максимумнан асып түсті. Өскеменде ауа температурасы +15,9°C болды, бұл 2010 жылғы (+10,3°C) рекордты жаңартты.

Сонымен қатар, наурызда экстремал ауа райы құбылыстары да байқалды. Елдің түрлі өңірлерінде ауа температурасының күрт өзгеруі, тұман, боран мен дауыл тіркелді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.63  course up  576.01  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer