10 шілде 2014 12:22

Балағат сөз баланың жолын кеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©nur.kz фото ©nur.kz фото

 «Алаш айнасы» интернет-газетінің «Отбасы – ошақ қасы» атты айдарына жолдап отырмын бұл материалды. Бәлкім оқыған адамдарға ой салар, пікір қосар деген ниетпен айналамнан естіген, өз басымнан өткерген мына жайттарды баяндамақпын.


 «Алаш айнасы» интернет-газетінің «Отбасы – ошақ қасы» атты айдарына жолдап отырмын бұл материалды. Бәлкім оқыған адамдарға ой салар, пікір қосар деген ниетпен айналамнан естіген, өз басымнан өткерген мына жайттарды баяндамақпын.

...Базардағы киім сататын дүңгіршекте кездесіп қалған қос құрбы балалық шақтарын еске алып тұрды. «Жоғары сыныпта оқып жүргенімізде дискотекада кешігіп жатсам, шешем қолына сыпырғыш ұстап, «Ана қатын қайда?» деп, жетіп келуші еді ғой. Ұлдардан жаман ұялатынмын сонда. Шешелеріміз бізге «қатын, қатын» деп ұрсатын еді ғой, иә», - деді бірі.

Осы кезде қасындағы құрбысы да әжесі мен шешесінен бала күнінде естіген сөздерді еске алды.

– Бала кезде құлағымызға әбден сіңіп кеткендіктен, білінбеген шығар, бірақ сол кезде естіген сөздерім неткен сұмдық еді, – деп бастады ол. – Әжемнің, неге екені белгісіз, менімен әзелі қас еді. Қыздарынан туған балаларды жақсы көріп, ұлынан туған мені жек көріп отыратын. Мен ерке қыз едім. Әжемді тыңдамасам, «көктей солғыр», «байың өліп бақытың күйгір» деп отыратын. Шешем де әжемнен кем қалмайтын. Ұлдарына «қыршыныңнан қиылғыр», «жайрағыр», «жұлының үзіліп жуадай солғыр» деп отырушы еді. Ал маған айтқан сөздері тіпті де адам шошырлық. «Қатын» дегені қайта оның ең сыпайы сөзі болды ма деймін. Ылғи да «жүзіқара», «салдақы» деп аузынан ақ ит кіріп, қара ит шығатыны есіме түссе, әлі күнге дейін денем түршігеді. «Талақ», «зәнталақ» дейтіні тағы бар. Әлденеге жылап қалсам, «мына қатынның байы өлді ме?» деуші еді. Бірде нағашымның үйіне барған едік. Қабырғаға сүйеніп отырып арқама көп әк жұқтырып алсам керек. Содан шешемнің жүзі түтігіп, «мына жүзіқараның өз үйінде әк жоқтай бүкіл әкті жұқтырып әкетіп бара жатқаны несі, ей» деп, үйді басына көтермесі бар ма.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети