12 шілде 2020 10:00

Бүгінгі жағдай бәрімізге үлкен сынақ - Төрегелді Шарманов қазақстандықтарды бірлікке шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүкіл әлемді дүрбелеңге салған коронавирустан талай азаматтарымыз өмір мен өлім арасында арпалысып жатыр. Ауру дендеп барады. Өз тарихында біздің халық көптеген қиындықтарды бастан өткерген болатын. Егемендік алғанға дейін соғысты, қуғын-сүргінді, ашаршылықты  көрген халқымыз бәріне төтеп берген еді. Қандай қиын кезеңдер басымыздан өтсе де, еңсеміз еш түспеген халықпыз.


Бүкіл әлемді дүрбелеңге салған коронавирустан талай азаматтарымыз өмір мен өлім арасында арпалысып жатыр. Ауру дендеп барады. Өз тарихында біздің халық көптеген қиындықтарды бастан өткерген болатын. Егемендік алғанға дейін соғысты, қуғын-сүргінді, ашаршылықты  көрген халқымыз бәріне төтеп берген еді. Қандай қиын кезеңдер басымыздан өтсе де, еңсеміз еш түспеген халықпыз.

Қазақ елі ұйымшылдығымен, тұтас бірлігімен әрдайым ерекшеленді емес пе? Бүгінгі жағдай бәрімізге үлкен сынақ. Осы ретте нағыз бауырмашылдығымыз бен  жанашырлығымызды көрсететін сәт. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді дана халқымыз.

Коронавирустан ауыр зардап шегіп жатқан біз ғана емес. Әлемді жалпыған бұл індет ешкімді аяп отырған жоқ. Бұл індетпен күресте дәрігерлеріміз бар біліктілігі мен білімін пайдаланып, жанкешті еңбек етіп жатыр. Біздің арамыздағы нағыз батырлар - осы дәрігерлер, медбикелер және барлық медициналық қызметкерлер. Өз өмірлерін тәуекелге тігіп, қанша азаматтарымызды өлімнен аман алып қалып отыр. Осының бәрі табандылықтың, үлкен жанашырлықтың көрінісі.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде 13 шілде Ұлттық аза тұту күні ретінде жариялаған болатын.

Елімізде мына індеттен көз жұмып жатқан әр азаматымыздың қазасы жаныма қатты батып отыр. Ұйқым қашып, уайым көбейді. Өкінішке орай, өзіміз онсыз да азбыз. "Мың өліп, мың тірілген" қазағымның көрері көп болса деймін.

Өз басым коронавирустан көз жұмғандардың туыстары мен жақындарына, жалпы алаш жұртына қайғырып көңіл айтамын. Бұл жағдай мұқым елдің үрейін ұшырып, қабырғасын қайыстырып отыр.

Бізге ендіге қырағылық танытып, еш босаңсымауымыз қажет. Індетті тезірек жеңуіміз, жұртшылықты аман алып қалуымыз – біздің жауапкершілік танытуымызға тікелей байланысты болмақ. Қазақ үшін "бірлік" ұғымы аса қастерлі. Барлық қиындықтарды тек бірлесе еңсереміз. Бір-бірімізге жанашыр болып, өзімізді де індеттен сақтап жүрейік!

Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің профессоры,
Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети