“Жарты Еуропаны шарлап шықтық“: 99 жастағы ардагер немістерді қалай қуғандарын еске алды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Қостанайлық 99 жастағы ардагер-десантшы Қасымхан Алдабергенов жарты Еуропаны жаяу жүріп өтіп, Венгрия, Австрия және Чехословакия үшін шайқастарға қатысқан. Бүгін ол майдан жолдарын, жауынгер достарын еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайлық 99 жастағы ардагер-десантшы Қасымхан Алдабергенов жарты Еуропаны жаяу жүріп өтіп, Венгрия, Австрия және Чехословакия үшін шайқастарға қатысқан. Бүгін ол майдан жолдарын, жауынгер достарын еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Десантшы, айтыскер және әке

Жеңіс мерекесі қарсаңында Қасымхан Алдабергеновтың пәтерінің есігі жабылмайды – қонақтар мен журналистер жиі келеді. Баяу жүрісіне қарамастан, ардагерден әлі де әскери сымбат сезіледі.

Қасымхан ақсақал журналистермен әңгімелесіп отырғанда, оның жұбайы асханада жүреді. Олардың бірге болғандарына шамамен 70 жыл болған.

17 жасында майданға

Қасымхан Алдабергенов соғысқа 17 жасында аттанған. Ол 1925 жылы Қостанай облысы Талдыкөл ауылында дүниеге келген. Соғыс жылдары ауылдық кеңесте хатшы болып жұмыс істеп, өз қолымен шақырылушылар тізіміне өзінің есімін енгізген.

"Бізді жүк вагонына отырғызды, ішінде нарлар мен ортасында буржуйка-пеш бар. Челябіге қарай жол тарттық, Шершни кентіне келдік. Онда бір ай карантинде болдық. Моншадан соң форма таратты, бәріміз бірдей киінгенбіз – бір-бірімізді танымай қалдық", – деп еске алады ардагер.

Қасымхан Алдабергеновтің айтуынша, бастауыш білімі барларды Чебаркуль әскери лагеріне жіберген, ал жеті сынып бітірген оны Златоусттағы әскери пулемет училищесіне жіберген. Сол жерде десант әскеріне іріктеу жүргізіліп, Қасымхан сонда қабылданған.

Бірінші шайқас – Балатон көлінің маңы

Оқыту аяқталған соң Қасымхан Алдабергенов майданға аттанады. Десантшының алғашқы шайқасы Венгрияда, Балатон көлінің маңында өтеді.

"Біз 14-ші Қызыл Ту орденді гвардиялық әуе-десанттық бригадада болдық, командиріміз – полковник Юматов. Мен пулемет ротасына түстім. Балатон көлінің маңында жаудың танк дивизиялары шоғырланған еді. Бізді сол жерге жіберді. Қорғанысты бұзып өтіп, жауды қуып кеттік. Солай Венгрия арқылы соғысып өттік, Дунайға жеттік, одан әрі Австрияға өттік. 1945 жылдың сәуірінде Венаны алдық. Сосын қайта Дунайдан өтіп, Чехословакияға кірдік. Немістерді қудық, бірақ олар берілгісі келмеді", – деп еске алады Қасымхан Алдабергенов.

Жеңіс хабары

Қасымхан Алдабергеновтің айтуынша, олар Жеңістің хабарын Чехословакияда естіген.

"Таңертең бір ауылға кірдік. Нан мен маргаринмен таңғы ас ішіп отырмыз. Сол кезде командирдің байланысшысы келіп, соғыстың аяқталғанын хабарлады. Чехословакиядан өткенде қарттар, әйелдер мен балалар бізді "Наздар! Наздар!" деп қарсы алды – бұл "Жасасын!" деген сөз. Балалар жүгіріп келіп, жұлдызша сұрады. Біз әрқайсымыз шенімізден жұлдызшаны жұлып алып, балаларға бердік", – дейді ардагер.

Бомбалауға үйрену мүмкін емес

Ардагер үшін ең қорқынышты естеліктер – немістің "Мессершмитт" ұшағының бомбалаулары мен шабуылдары.

"Ұшақ үнсіз жақындап келіп, бір сәтте бомбаларды тастап кететін. Бұл жағдайға үйрену мүмкін емес еді", – дейді Қасымхан Алдабергенов көзіне жас алып.

"Бірде бір ауылдың маңында түнге тоқтадық. "Окоп қазыңдар" деген бұйрық берілді. Кім тыңдап, окоп қазып үлгерсе, сол аман қалды, өйткені түнде бүкіл аумақты бомбалайды. Жалпы, бомбалауды әрдайым күтіп жүретінбіз", – деп еске алады ардагер.

Ұстаз, айтыскер, журналист

Қасымхан Алдабергенов соғыстан 1950 жылы оралған. Өзінің туған ауылында математика пәнінен сабақ берген. Жоғары білім алуды армандаған, бірақ физика-математика факультетінен оқудан шығарылған.

Кейін оның айтыстағы жеңісі туралы ТАСС агенттігі хабарлап, институтқа қайта қабылданған – бұл жолы филология факультетіне.

"Орал педагогикалық институтын бітірдім, мұғалім болып жұмыс істедім, айтыстарға қатысып, газетке өлеңдер жаздым. Кейін редакцияға жұмысқа шақырды. 1971 жылы редакцияның табалдырығын аттадым, содан бері осы саладамын", – дейді ардагер.

Биыл Қасымхан Алдабергенов Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа қатысуды армандайды. Сондай-ақ, өзінің 100 жас мерейтойын аман-есен қарсы алғысы келеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.63  course up  576.01  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer