09 қыркүйек 2014 10:05

Жайылым жерлер жойылып барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Алтын бесік ауыл жайы көкірегінде оты бар қай қазақтың болмасын ұшқыр ойына қамшы басары анық. Нарықтың қытымыр қыспағына шыдамай тоз-тоз болған ауылда мал бақса бәрі оңалар еді деген сөз жоғарыдағылардың езуінен күнара шығады. Әрине, айту оңай... Бірақ сол ауылдардың әрқайсысында мыңдаған гектар алқаптардың қурап, қу далаға айналып жатқаны ешкімді ойландырмайтын сияқты. Бір кездері қырмызы гүлдері мен жап-жасыл шалғыны белуардан келетін далада қу шөп өспейтін күйге түскен. Иті шығып ит байласа тұрмайтын иен далаға айналған алаштың дархан даласының бүгінгі жайын талдамақ едік...

Шөліркеген шөл далада мал бағу да жылдар бойы қыл құйрықты ерттеп мініп, дала кезген бақташыларға да оңай соқпай тұр. Өйткені, мал жайылатын жайылым жер қасқалдақтың қанынан қат болып барады. Жекеменшікке берілген жерлерін меншіктегендер жерлеріне мал түгіл жортып жүрген аңды да жолатпайды. Жан-жағы дала болғанымен мал жаятын жаялықтай жерден ада қалған қазақ қайтіп малдың санын көбейтпек? Бір жағынан жылдар бойы малдың тұяғының астында қалса да күтім көрмеген жайылымның күйі де кете бастаған. Яғни, алаштың қай қиырын алмаса да, топырақ қыртысының құнары азайғанын ғалымдар да растап отыр.

Ресми деректерге жүгінсек еліміздегі 180 миллион гектары бұл еліміздің барлық аумағының алпыс пайызы шөлейттеніп келеді. Эрозияға ұшырап құнарлылығынан мүлде айырылған далада мал жайылатын орын қалмауы малмен айналысқан ауыл шаруаларын да тығырыққа тіреген. Тіпті, қара топырағы қалың деген солтүстік облыстардың өзінде жылдан-жылға жайылым жерлердің тарылуы дендеп келеді.

Бұл күні кеше осы облыстарды аралап түскен Елбасының ресми сапары кезінде де анық байқалды. Ақмола облысын бірқатар ірі шаруашылықтарда болған Президент бидай егумен қатар мал жайылымы үшін екпе шөп егудің де қажеттігін ескертті. Ал Қостанай облысындағы сапары кезінде Президент өңірдегі жайылым жерлердің тек жартысы ғана қолданылып жатқанын айтып, ауыл шаруашылығында осы жайға баса назар аударуды тапсырды.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети