03 мамыр 2017 15:29

"Жол жүрісі туралы" заңға қандай өзгерістер енгізіледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілісмен Қанат Мусин депутаттардың "Жол жүрісі туралы" заңға қандай өзгерістер енгізуді ұсынып жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мәжілісмен Қанат Мусин депутаттардың "Жол жүрісі туралы" заңға қандай өзгерістер енгізуді ұсынып жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

  • Жолаушылардың полиция қызметкерінің рұқсатынсыз көліктен шығуына рұқсат беретін өзгеріс енгізілді. 

 

"Көлікті тоқтатқаннан кейін полицейдің міндеті заң жүзінде бекітіледі: көлікке бірден келіп, өзін таныстырып, қызметтік куәлігін көрсетіп, тоқтату себебін түсіндіріп, техникалық құрал қолданылса, ол туралы мәлімет беруі керек. Осы уақытқа дейін бұл міндеттер ішкі істер министрінің бұйрығында ғана болды және әрдайым орындала берген жоқ", - дейді Мусин. 

  • Көлік тоқтатылған кезде жүргізушінің полицейдің іс-әрекетін видеоға түсіру құқығы заң жүзінде бекітіледі. 
  • Қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалануға жол беретін нормаларды алып тастау мақсатында арнайы шаралар тізімі қабылданады. Осы шараларды іске асырылған кезде ғана көлікті тоқтатуға негіз береді. 
  • Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде міндетті түрде эмтиханды қайта тапсыру болмайды. 
  • Сонымен қатар, жолаушылар тасымалымен ұдайы айналыспайтын көліктерге түнгі уақытта жолаушылар тасымалдауға тыйым және көліктегі аэрографиялық суреттерге салынған тыйым алып тасталады. 
  • Бағдаршам алдында тоқтау керек сызықтан асып кеткені үшін айыппұл көлемі 5 АЕК-тен 3 АЕК-ке дейін төмендетіледі. 

 

"Бұл жерде Әділет министрлігі өзге де мүдделі мемлекеттік органдар және қарапайым адамдармен бірге "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын дайындап жатыр. Бұл арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзуға салынатын бірқатар айыппұлдар арзандап, ескерту сияқты шаралардың қолданылуы кеңірек мүмкін болады. Заң жобасы Мәжіліске биыл жазда қарауға беріледі деп жоспарланып отыр", - дейді депутат. 

  • Мас күйде рөлге отырғаны үшін 3 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы мүгедектерге де қатысты болады. 
  • Бұрылу мен кері айналу кезінде қарсы бағытағы жолағын басу нормасы нақтыланды. Бұл норма бұзылған жағдайда, адам жүргізуші куәлігінен айырылады. 

 

"Жол жүрісі туралы" Заңға өзгеріс енгізу бойынша заң жобасы Парламент Мәжілісінде екінші оқылымда мақұлданып, Сенат қарауына жолданды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети