Жүргізуші куәлігін жоғалтқанда не істеу керек?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ішкі істер министрлігінің өкілдері жүргізуші куәлігін жоғалтып алған жағдайда не істеу керектігін түсіндірді. Бұл туралы ведомствоның Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Tengrinews.kz редакциясы кеңес материалды назарларыңызға ұсынады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігінің өкілдері жүргізуші куәлігін жоғалтып алған жағдайда не істеу керектігін түсіндірді. Бұл туралы ведомствоның Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Tengrinews.kz редакциясы кеңес материалды назарларыңызға ұсынады.

Жүргізуші куәлігі жоғалса немесе ұрланса, не істеу керек?

Егер Сіздің жүргізуші куәлігіңіз (ЖК) ұрланса, ұрлық туралы өтінішпен полицияға жүгіну керек, онда Сізге тиісті анықтама береді, ал ол Сізге ЖК-ін қалпына келтіру үшін қажет болады.

Егер Сіз жүргізуші куәлігін жай ғана жоғалтып алсаңыз, мұндай анықтама қажет емес.
Сонымен, ЖК-ін қалпына келтіру үшін МХҚКО-ға немесе әкімшілік полицияның емтихан-тіркеу бөлінісіне жүгіну керек.

Жоғалу себебіне байланысты ЖК алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) ЖК алуға толтырылған бланк (өтініш) - МХҚКО-да ол қажет емес, өйткені оны МХҚКО қызметкері автоматты түрде толтырады;
2) жеке басты куәландыратын құжат;
3) мекенжай анықтамасы - МХҚКО-да ол да қажет емес, өйткені сұрау салу автоматты түрде өңделеді;
4) медициналық анықтама және оның көшірмесі (Астананың МХҚКО-да медкомиссияны сол жерде өтуге болады);
5) мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат (түбіртек, қазіргі уақытта ЖК беру үшін төленетін мемлекеттік баж сомасы 3 006 теңге құрайды).

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін Қазақстан Республикасы СІМ-нің дипломаттық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы қосымша болу керек.

Құжаттарды тапсырғаннан кейін Сізге уақытша ЖК беріледі, ол берілген күнінен бастап бір ай ішінде жарамды болады. Бұл ретте (егер сұрау салулар жіберу немесе оларға жауаптар алу, жүргізуші куәлігін жоғалтып алумен байланысты барлық жекелеген мән-жайларды анықтау үшін қосымша уақыт қажет болса) оны қосымша тағы бір рет отыз тәулікке ұзартуға болады, оны ТЕБ бастығы жүргізеді.
Көрсетілген мерзім аяқталған соң Сізге жаңа жүргізуші куәлігі беріледі, оған "Жоғалғанның орнына" деген белгі жасалады.

Жоғалған, ұрланған, сондай-ақ жарамсыз болып қалған куәліктің орнына басқа ЖК алу кезінде емтихан тапсырылмайтынын есте сақтау керек!

Уақытша жүргізуші куәлігі жоғалған кезде жаңа ЖК теориялық және практикалық емтихандар тапсырусыз беріледі.

Егер Сізге уақытша ЖК берілсе және Сіз осы кезеңде тұрғылықты жеріңізді ауыстырсаңыз немесе әскери қызметке, оқуға, ұзақ іссапарға (үш айдан артық уақытқа) кетіп бара жатсаңыз, жоғалғанның орнына ЖК растайтын құжаттардың негізінде бір айлық мерзім өткенге дейін беріледі.

Жүргізуші куәлігі шет мемлекеттердің жоғалған жүргізуші куәліктерінің орнына берілмейді.

Олардың орнына иелеріне басқа ЖК берілген, табылған ЖК жаңа ЖК берілген сәттен бастап өзінің заңдық күшін жоғалтады және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға белгілеген тәртіппен жою үшін міндетті түрде ТЕБ-ке тапсыруға жатады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.65  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer