01 қазан 2014 14:00

Қасқырмен қасарысқан қыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

beon.ru beon.ru

Бала кезден ауылдың топырағымен ойнап, күліне аунап өстім. «Қара шаңырақтың» қазақи болмысын бойыма сіңіріп, әкемнің ертегісіне әбден қанықтым. Айрандай ұйыған он екі балалы үйдің сүт кенжесімін. Сондықтан да маған Кенжегүл деген ат беріпті.


Бала кезден ауылдың топырағымен ойнап, күліне аунап өстім. «Қара шаңырақтың» қазақи болмысын бойыма сіңіріп, әкемнің ертегісіне әбден қанықтым. Айрандай ұйыған он екі балалы үйдің сүт кенжесімін. Сондықтан да маған Кенжегүл деген ат беріпті.

Әкем марқұм болған соң Айнабұлақ деген аядай ауылдан аудан орталығына қоныс аудардық. Айтып отырған ауданым, Шығыстың шұрайлы жерлерінің бірі – Зайсан қаласы. Сол киелі топырақта туғанымды мақтан етіп, кейде өзімді «Зайсанның жайсаңымын» деп таныстыратыным бар.

Әдебиет пен өнерге жақындығымды байқаған «Зайсан хабаршысы» газетінің редакторы мені редакцияға тілшілік қызметке шақырды. Қуана-қуана келістім, себебі журналист болу менің бала күнгі арманым болатын. Қарапайым халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат болу, елмен етене жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе еді. Редактор қайда жұмсаса да сөзге келместен «шапқылай» беретінмін. Жиырмадан жаңа асқан, алып-ұшып тұрған шағым еді. Бір жолы бастығым мені қызмет бабымен «Жаңатұрмыс» дейтін ауылға жұмсады. Сондағы мақсат – «Жаңатұрмыстың» тумасы, он саусағынан өнер тамған шебер туралы мәлімет әкеліп, мақала жазу болатын.

«Жаңатұрмыс» Сауыр-Сайқан тауының етегіне қоныстанған, қашан да сарыжайлаудың самал желі есіп тұратын кішігірім елді мекен. Жиырма шақты ғана үйі бар осы ауыл халқының негізгі кәсібі – мал өсіру. Қысы да, жазы да төрт түлікке қолайлы, шөбі шүйгін құтты қоныс.

«Жаңатұрмысқа» көлік сирек жүреді. Жаяулатып жолға шықтым, жол-жөнекей көлік кездессе отырып кететін ойым бар. Бірақ кездеспеді. Оңаша қалғанда құмарымды қандырып, қазақтың халық әндерін айтатын әдетім. Сол әдетіме басып, тамағым қарылғанша «Сары бидай», «Бір бала», «Дедім-ай-ау», «Бүлдірген» сияқты тамаша әндерді әуелетіп, деттеген ауылыма лезде жеттім. Ауылға жеткен соң бірден қол өнерші ағаның үйіне барып, оның жасаған зергерлік бұйымдары мен жиһаздарын тамашалап, сұхбат алып, суретке түсіріп дегендей, барлық шаруамды бітірген соң қайта жолға шықтым. Ауылдан шыға берісте орта жастағы, қараторы әйел кездесіп: «Біздің ауылға келген журналист сізсіз бе?» - деді. Мені қайдан біледі дегендей таңырқай қарап, басымды изедім. Кіп-кішкентай ауыл болғандықтан ба бөтен адамдардың келгенін бірден біліп отыратын болуы керек. Бейтаныс келіншек сөзін жалғастырып...

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети