Қазақстанда ең қымбат пәтерлер қай қалаларда?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

Биыл қаңтар-сәуір аралығында елде 124,5 мың пәтер мен үй сатып алынған, бұл былтырмен салыстырғанда 3,9 пайызға көп.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Биыл қаңтар-сәуір аралығында елде 124,5 мың пәтер мен үй сатып алынған, бұл былтырмен салыстырғанда 3,9 пайызға көп.

Қай қалаларда қымбат?

Tengrinews.kz пен Ranking.kz жасаған сараптамаға сүйенсек, ең қымбат пәтер Алматы мен Астанада.

Биыл сәуірде оңтүстік мегаполистегі жаңа тұрғын үйдегі бір шаршы метр орташа есеппен 621,4 мың теңгеге, қайталама нарықтағы бір шаршы метр 649,6 мың теңгеге жеткен. Бұл - жаңа үйдегі 50 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтер 31 миллион теңге, қолданыстағы тұрғын үйлердегі дәл осындай пәтер 32,5 миллион теңге тұрады деген сөз. Астанада жаңа тұрғын үйдегі осындай пәтерді 29,8 миллион теңгеге, қайталама нарықтағы пәтерді 33,2 миллион теңгеге сатып алуға болады.

Сәуірде тұрғын үйдің орташа бағасы ең жоғары өңірлер рейтингіне Атырау, Шымкент және Семей кірген. Бұл қалалардағы жаңа тұрғын үйдегі бір шаршы метр 450 мың теңгеден жоғары, ал қайталама нарықта 420 мың теңгеден асады.

Қай қалаларда арзан?

Биыл көктемде өңірлер арасында Оралда (284,1 мың теңге), Ақтөбеде (289,7 мың), Көкшетауда (332 мың) жаңа пәтерлер мен үйлер арзан болған. Ал қайталама нарықтағы тұрғын үй Ақтөбе, Көкшетау (333 мың теңгеден) және Қызылордада (217,4 мың) ең төмен бағамен сатылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.5  course up  615.26  course up  6.76  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer