1. Басты
  2. Оқы
Реклама
Реклама

Қазақстанда жазасы жеңілдетілген экс-шенеуніктер

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Қазақстанда жазасы жеңілдетілген экс-шенеуніктер ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

Таяуда "Қазақстан инжиниринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтің жазасы айыппұлға ауыстырылған болатын. Енді Қанат Сұлтанбеков пара алғаны үшін екі миллиард теңгеден аса айыппұл төлеуі тиіс. Tengrinews.kz тілшісі сотталған қазақстандық бұрынғы шенеуніктердің қайсысына жаза жеңілдетілгенін анықтап көрді.

Бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өмірияевтің ісі

Реклама
Реклама

Бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өмірияев 2013 жылы ұсталған болатын. Тергеу мәліметінше, бұрынғы шенеунік 100 мың доллар көлемінде пара алған.


Мүсілім Өмірияев. © PrimeMinister.kz

2014 жылы сот Мүсілім Өмірияевті айыпты деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырған болатын.  Кейін Мүсілім Өмірияев соттан әділетті үкім шығаруды сұрап, 2016 жылдың 28 желтоқсанында бостандыққа шыққан еді.

Экс-премьер министр Серік Ахметовтің ісі

Серік Ахметов мерзімінен бұрын босатылған еді.

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов 2014 жылдың қарашасында қамауға алынған болатын. Жемқорлыққа қарсы қызметтегілер сол кезде үкіметтің бұрынғы басшысы, Қарағанды облысының бұрынғы басшылары мен басқа да қызметкерлерге қатысты бірнеше қылмыстық істің жүргізіліп жатқанын хабарланған еді.


Серік Ахметов. © Тұрар Қазанғапов

Экс-премьер министрге қатысты іс 2015 жылдың 10 тамызында басталған болатын. Нәтижесінде Серік Ахметов 10 жылға сотталып, оның мүлкі тәркіленетін болды. Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев 5 жылға, Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов 3 жылға сотталды.

Ал бірнеше айдан соң Серік Ахметовтің келтірілген шығынды өтегені - қазынаға 430 миллион теңгеден аса ақша төлегені белгілі болды. Кейінірек экс-премьердің жақындары мен достары мемлекетке тағы екі миллиард теңге төледі. Сот осының барлығы ескере отырып, сотталған Серік Ахметовтің жазасын 10 жылдан 8 жылға қысқартты.

Осылайша Серік Ахметов 2017 жылдың 21 қыркүйегінде бостандыққа шықты.

2016 жылдың көктемінде сот Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының сотталған бұрынғы әкімдеріне жазаны жеңілдетті.


Бауыржан Әбдішев. © Tengrinews.kz


Мейрам Смағұлов. ©ekaraganda.kz

Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішевтің жазасы 5 жылдан 3 жылға дейін қысқарды, ал Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловтың жазасы үш жылдан екі жылға дейін азайды. Алайда екі экс-әкім де бұл жаза мерзімін толық өтемеді. Кейін соттағылар бұрынғы шенеуніктердің жақсы тәртібі үшін шартты түрде мерзімінен босатылғанын хабарлады.

2017 жылдың қаңтарында істің басты фигуранты Серік Ахметовтің де жазасы рақымшылық заңы бойынша жеңілдетілгені анықталды. Өтелмеген жаза төрт есе қысқарды, яғни бір жыл, жеті ай және 11 күнге. Бас прокуратураның мәліметінше, сотталған Серік Ахметовке қатысты бостандығын шектеу жазасы қолданылыпты. 2017 жылдың қыркүйегінде экс-премьер колониядан шығарылды. 

Қостанай әкімі мен оның орынбасарлары

Қостанайда әкімдіктегі дау 2015 жылдың жазында басталған, қала әкімінің екі орынбасары ұсталды, олар 13 миллион теңге көлемінде пара алды деп айыпталған Мақсұт Қалиев пен қызметтік өкілін асыра пайдаланды және 300 мың теңге сомасында пара алды деп айыпталған Фрунзик Аракелян.  

Орынбасарлары ұсталғаннан кейін әкімнің өзі Ахмедбек Ахметжанов бұл жағдайдан "есеңгіреп" қалғанын мәлімдеген. Алайда кейін өзі де қызметінен босталып, артынша ұсталды.

Ахмедбек Ахметжанов 13 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болған. Ал орынбасары Мақсұт Қалиев төрт жылға, Фрунзик Аракелян болса жеті жылға сотталған. 

Кейін сот әкім орынбасарларының жазасын жеңілдетті. Фрунзик Аракеляннің жаза мерзімі екі есеге қысқарса, Мақсұт Қалиевтің жазасы үш жылға дейін қысқарды, ал 2016 жыдың күзінде ол бостандыққа шықты. Біршама уақыттан кейін сотталған экс-әкімнің жазасы да 13 жылдан 6 жылға дейін қысқарды.

10 жылдың орнына 2 миллиард. "Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков

"Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков 2017 жылдың ақпанында қамауға алынған. Сұлтанбековпен қатар сот алдына тағы сегіз фигурант келді: әскерилер, кәсіпкерлер және Израиль азаматы. Сот отырысы жабық тәртіпте өтті, алайда үкім шығарылған кезде Сұлтанбековтің алған пара сомасы аталды - 1 миллиард теңгеден аса. 

 
Қанат Сұлтанбеков. © strategy2050.kz

2017 жылдың қарашасында сот Қанат Сұлтанбековті пара алу бойынша қылмыс жасады деп танып, барынша қауіпсіздендірілген мекемеде өтеуге 10 жылға бас бостандығынан айырды. Істің қалған фигуранттары да түрлі жазаға тартылды.

Ал 2018 жылдың ақпанында "Қазақстан инжиниринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен қалған фигуранттарға қатысты қылмыстық іс ашық тәртіпте қайта қаралды. Соттың қаулысында Қанат Сұлтанбековтің жазасын алып тастап, жаза мерзімінің орнына 2 миллиард 139 миллион теңге көлемінде айыппұл салу туралы шешім қабылданғаны айтылған. Сондай-ақ, сот Израиль азаматы Гиль Смолинскийге қатысты жазаны да айыппұлға ауыстыру туралы шешім қабылдаған.