Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Серік Ахметовтың ісі: Сотталушылар тағы 150 миллион теңге төлеуге міндеттелді

17 Қазан 2016, 20:43
0

Қарағандының № 2 Қазыбек би аудандық сотының шешімімен ҚР бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов пен осы іске қатысты сотталушылар мемлекетке 148,8 миллион теңге төлеуге міндеттелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Қарағанды қаласының № 2 Қазыбек би аудандық соты Серік Ахметовқа, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевке және басқа да азаматтарға қатысты материалдық залалды өндіріп алуға қатысты шешім қабылдады. "Қарағанды әкімінің талаптарының біразы орындалды. Сотталушылар мемлекетке 148 817 276 теңгемен қоса сот шығындарын өтеуі тиіс", - деді аудандық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, Қазақстанның бұрынғы министрі Серік Ахметовке жемқорлық мәндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айып тағылған болатын, олардың қатарында аса ірі көлемде пара алды (тергеудің тұжырымынша, 2 миллион 400 мың доллар - Автор.), аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, лауазымын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айыптар бар. Ал осыған дейін Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 307-бабы бойынша айыпталған еді. Оған "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңды жеке мақсаты үшін бұза отырып, тендерлерде жекелеген фирмалардың мүддесін қорғады деген айып тағылды.

Серік Ахметов 2014 жылы қарашада қамауға алынды. Осыдан кейін қамау мерзімі ұзартылды.

Ал кейінірек Серік Ахметовтің ісі бойынша сотталған адамның мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғаны хабарланған болатын. "Сотталушының өтініші қанағаттандырылсын. Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған аудандық соттың шығарған үкімімен сотталған Дәрібеков Ернар Маратұлы мерзімінен бұрын шартты түрде босатылсын. Екі жылға бас бостандығынан және мемлекеттік мекемелерде 5 жылға дейін қызмет ету құқығынан айырылсын", - делінген соттың қаулысында. Айта кетейік, Дәрібеков 5 шілдеде босатылды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай