Қазақстанда көліктер саны күрт өсті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік саны 6,3 миллионға жетті, - деп хабарлайды Tengri Auto.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік саны 6,3 миллионға жетті, - деп хабарлайды Tengri Auto.

2025 жылдың мамырында Қазақстанда 128,1 мың автокөлік тіркелген, бұл былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 15 пайызға артық. Жаңадан тіркелген көліктердің басым бөлігін – 113 мыңын жеңіл автокөліктер құрайды.

Сонымен қатар, мамырда Қазақстан жолдарына:

  • 8 мың жүк көлігі;
  • 1,4 мың автобус шыққан.

Бүгінде Қазақстанда 20,33 миллион адам тұрады. Жалпы 6,3 миллион автокөлікті ескерсек, әрбір үшінші қазақстандық көлік иесі деген сөз.

Электромобильдер көбейді

Экологиялық таза көліктерге деген қызығушылық та артып келеді: 2024 жылдың мамырымен салыстырғанда тіркелген электромобильдер саны 66,9 пайызға көбейген.

Отын түрлері бойынша өсім:

  • бензинмен жүретін көліктер – 15,3 пайыз;
  • дизельмен – 13,9 пайыз;
  • газбен – 36,2 пайыз;
  • аралас отынмен – 9,3 пайызға артты.

4 айда 500 мыңнан аса көлік

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы 1 ақпанда автокөлік саны былтырғы ақпанымен салыстырғанда 7,6 пайызға өскен.

2025 жылғы 1 ақпанға дейін Қазақстанда тіркелген көліктер саны – 5 775 499:

  • жеңіл көліктер – 5 068 227;
  • жүк көліктері – 570 779;
  • автобустар – 116 493.

Төрт айдың ішінде еліміздің автопаркі 526 987 көлікпен толыққан.

Алматы мен Астанада көлік тым көп

Алматыда көлік саны былтыр-ақ шекті деңгейге жеткен. Күн сайын қала жолдарына бір миллионға дейін көлік шығады, оның 600 мыңы – Алматыда тіркелген, ал 400 мыңы – облыстан келетіндер.

Сол кезде көлік саласының сарапшылары "ақылы тұрақтарды кеңейтіп, қала ішінде қозғалысты шектеу" ұсынысын жасаған. Олардың пікірінше, бұл жол қозғалысындағы жүктемені азайтып, мегаполистегі экологиялық жағдайды жақсартуы тиіс болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 525.87  course up  615.26  course up  6.76  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer