Қазақстанда сталкинг қылмыстық теріс қылық ретінде қарастырылуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу көзделіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу көзделіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында депутат Абзал Құспан бұл норманы жұмыс тобы мақұлдағанын және заң жобасының екінші оқылымға шығарылатынын мәлімдеді.

"Біз Қылмыстық, Қылмыстық-атқару және Қылмыстық-процестік кодекстерді оңтайландыру туралы заң жобасына осы норманы енгіздік, жұмыс тобы оны қабылдады. Арнайы бап бар, ол "сталкинг" деп аталады, қылмыстық теріс қылық ретінде қарастырылады. Келесі аптада немесе екі апта ішінде заң жобасы палатаның қарауына шығарылуы мүмкін", – деді депутат.

Оның айтуынша, бұл қылмыстық теріс қылық үшін айыппұл түріндегі жаза қарастырылған.

"Біз барлығын бірдей қылмыстық жауапкершілікке тартпаймыз. Екінші оқылым әлі өтпегендіктен, (айыппұл мөлшерін - еск.) нақты айту қиын. Пленарлық отырыста бұл сома көбеюі немесе азаюы мүмкін. Ондай ұғым бар (сталкинг – еск.), ол сондай норма, осылайша ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын аламыз", – деді ол.

Депутаттан сталкинг неге қатаң қылмыстық құқық бұзушылықтар санатына жатқызылмағаны сұралды.

"Қандай қажеттілік бар? Біз Қылмыстық кодекске жаңа нормаларды енгізгенде, өте сақтықпен қарауымыз керек. Алдымен құқықтық тәжірибені, тергеу және сот практикасын зерттеу қажет. Осы талдаулардың нәтижесінде санкцияларды қатаңдатуға болады", – деді депутат.

Сталкинг – бұл адамға жағымсыз әрі мәжбүрлі назар аударту түріндегі қудалау. Ол аңду, қорқыту, бопсалау, қажетсіз қоңыраулар мен хабарламалар жіберу, жәбірленушінің жанында жиі пайда болу немесе оның жеке өміріне араласу сияқты әрекеттерді қамтуы мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer