Қазақстанда ұялы байланыс қымбаттап жатыр: операторлар не дейді?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстандықтар байланыс пен интернет тарифтері бағасының көтерілгеніне шағымданып жатыр. Расымен де, кейбір ұялы байланыс операторлары 2025 жылы тарифтердің көтерілетінін хабарлады. Неліктен бұлай болды және Цифрлық даму министрлігі бағаның көтерілуі туралы не дейді? Толығырақ - Tengrinews.kz материалында.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар байланыс пен интернет тарифтері бағасының көтерілгеніне шағымданып жатыр. Расымен де, кейбір ұялы байланыс операторлары 2025 жылы тарифтердің көтерілетінін хабарлады. Неліктен бұлай болды және Цифрлық даму министрлігі бағаның көтерілуі туралы не дейді? Толығырақ - Tengrinews.kz материалында.

Бұған дейін Цифрлық даму вице-министрі Асхат Оразбек министрлік сонау 2017 жылы қабылданған Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, операторлардың тарифтеріне әсер ете алмайтынын мәлімдеген еді. Алайда операторлармен олардың қызметтерінің бағасына қатысты келіссөздер жүргізіліп жатқан көрінеді.

"Жыл соңында (2024 жылы) халықтың көңіл-күйін сәл көтеру үшін баға өспейді деп келістік", - деді вице-министр 21 қаңтарда өткен үкімет брифингінде.

Тарифтерді кім және не үшін көтеріп отыр?

Тарифтердің көтерілуі туралы байланыс операторларының өзі не дейді? Өкінішке қарай, Kcell/Activ баспасөз қызметі Tengrinews.kz-тің 14 қаңтардағы ресми сауалға әлі жауап бермеген. 

Айта кетейік, компания кейбір тарифтер бойынша абоненттік төлемді 13 желтоқсанда көтеруді жоспарлаған еді. Алайда кейінірек оператор қолданушыларына бұл өзгерістен әзірше бас тартқаны туралы SMS жіберді.

Байланыс операторларының ресми сайттардағы хабарландыруларға қарағанда, кейбір тарифтер бойынша абоненттік төлем 2025 жылғы 26 ​​ақпаннан бастап өзгереді.

activ.kz сайтынан скриншот

Kcell.kz сайтынан скриншот

Kcell-дің негізгі акционері – "Самұрық-Қазына" қоры арқылы мемлекетке тиесілі "Қазақтелеком".

Beeline 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап абоненттік төлемді көтерді. Компания мұның себебін инфрақұрылымға тұрақты инвестиция салумен байланысты екенін түсіндірді. Кейінгі бір жылда компания 500-ден астам базалық станцияны орнатып, 3 000 учаскедегі жабдықты жаңартқан, 230 шақырым талшықты-оптикалық кабель жүргізіп, жаңа технологияларды енгізді.

Оператор сонымен қатар макроэкономикалық факторларды да: телекоммуникациялық жабдық құнының өсуін, электр энергиясы тарифтерінің және валюта бағамының ауытқуын да атап өтті. Бұл өзгерістер, компания өкілдерінің айтуынша, тарифтерді қайта қарауға мәжбүр етеді.

Beeline кейінгі төрт жылда олардың күрделі қаржы шығындары 300 миллиард теңгеден асқанын айтты.

Компания сайтында абоненттерге кейінгі бірнеше жылдағы доллар-теңге бағамының өзгеру графигі көрсетілген үндеу жарияланды. Үндеу авторлары 2018 жылғы қаңтарда доллар 332 теңге болғанын баса назар аударды.

Қазақстандағы Beeline бренді "КаР-Тел" ЖШС-не тиесілі. Компания акцияларының 75 пайызы нидерландтық Veon холдингінің иелігінде. Ал компанияның 25 пайызы Болат Өтемұратовқа тиесілі.

Tele2/Altel 2025 жылғы 11 ақпаннан бастап кейбір тарифтер бойынша абоненттік төлем мен қызмет көрсету көлемін өзгертеді. Компания тарифтердің көтерілуі желілерді дамыту мен жаңғыртуға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жұмсалатын шығындардың, доллар бағамының және құрал-жабдықтар бағасының өсуіне байланысты екенін мәлімдеді.

"Өзгерістер инфрақұрылымды дамыту қажеттілігінен туындап отыр. Компания бір базалық станцияны сатып алуға және орнатуға шамамен 100 мың доллар ақша жұмсайды. Доллар бағамын ескерсек, жабдық инвестициясы да үнемі өсіп келеді. 2024 жылы Tele2/Altel Қазақстанның жеті қаласында ескірген 3G байланыс технологиясын 4G және 5G-ге ауыстырып, қайта өңдеу жұмыстарын жүргізді. Компания 5G желісі елдің ең шалғай бұрыштарында да қолжетімді болуы үшін желіні дамытуға белсенді инвестиция салуды жалғастырып жатыр", - делінген Tele2/Altel жауабында.

Tele2/Altel брендтері "Мобайл Телеком-Сервис" компаниясына тиесілі. 2025 жылғы қаңтардан бастап компанияның 100 пайыздық үлесі Таяу Шығыс конгломератына - қатарлық Power International Holding-ке тиесілі. Бұрын Tele2 мен Altel "Қазақтелекомға" тиесілі болатын.

Тарифтерді көтеру заңды ма?

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұялы байланыс операторлары "Кселл" АҚ, "Мобайл Телеком Сервис" ЖШС және "Кар-Тел" ЖШС-не (Beeline) қатысты 2024 жылы басталған тексерудің тоқтатылғанын хабарлады. Операторлар сот тәртібімен тергеу жүргізу туралы бұйрықтарға қарсы шыққан.

"Сонымен қатар, "Кселл" АҚ мен "КаР-Тел" ЖШС-нің 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап бірқатар тарифтік жоспар бойынша ұялы байланыс тарифтерін көтеру туралы мәлімдемесіне байланысты агенттік осы операторларға бәсекелестік заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол берілмейтіні туралы ескерту жасады", - деп толықтырды ведомство.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer