Көлікке ағаш құласа не істеу керек: нұсқаулық

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz оқырманынан Фото: Tengrinews.kz оқырманынан

Кеше Алматыда қатты жел соғып, осыдан кейін редакцияның WhatsApp-нөміріне оқырман хабарласты, - деп жазады Tengri Auto.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Кеше Алматыда қатты жел соғып, осыдан кейін редакцияның WhatsApp-нөміріне оқырман хабарласты, - деп жазады Tengri Auto.

Оқырманның айтуынша, жел салдарынан оның көлігіне ағаш құлаған. Мұндай жағдайда не істеу керек және келтірілген шығынды өтеу үшін қайда жүгіну қажет?

Фото: Tengrinews.kz оқырманынан

Оқиғаны тіркеу

Ең бірінші әрі маңызды қадам – оқиға орнын тіркеу. Құлаған ағаш, көлікке келген зақым мен айналадағы жағдай анық көрінетін фото және видео түсіріңіз.

Материалдарда түсірілген күн мен уақыт болғаны жөн. Полиция келгенше көлікті орнынан қозғамаған дұрыс. Құқық қорғау органдары оқиға сызбасын жасап, өтінішіңізді қабылдап, талон-хабарлама береді.

Жауаптыларды анықтау

Жол-көлік оқиғалары бойынша маман Михаил Будянскийдің түсіндіруінше, құлаған ағаш үшін жауапкершілік оның орналасқан жеріне байланысты:

  • егер ағаш ғимараттан бес метрге дейінгі аумақта болса – жауапты ПИК;
  • егер одан ары қарай болса – жауапты әкімдік пен Экология басқармасы.

Бұл соталды шағым немесе талап арыз бергенде маңызды.

Сақтандыру компаниясына жүгіну

Егер сізде КАСКО болса, апаттық комиссарды шақырып, мұндай жағдай сақтандыруға кіретін-кірмейтінін нақтылаңыз. Сақтандыру болмаған жағдайда келесі құжаттарды жинай бастаңыз: тәуелсіз сарапшының қорытындысы, эвакуатор, жөндеу және басқа да шығындарға арналған чектер.

Соталды шағым және сот

Әкімдік немесе Экология басқармасынан жауап алып, жауапты тұлғалар көрсетілсе – шығынды өтеу туралы соталды шағым жіберіңіз.

Егер шағым жауапсыз қалса – сотқа талап арыз беріңіз. Мұндай жағдайда әдетте бірінші жауапкер – жасыл желектердің жағдайын бақылауға міндетті Экология басқармасы болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.5  course up  615.26  course up  6.76  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer