27 сәуір 2016 15:36

Концерттей болған кино: Мұндай Назарбаевты біз көрмегенбіз

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Тұңғыш Президенті туралы "Жұлдыздар тоғысқанда" фильмнің алғашқы көрсетілімі күні "Қазақстан" Орталық концерт залының дәмханасында түрлі сусындар мен дәмді пісірілген тәттілер сатылды. Біреулер мұнда сүт араласқан ерігіш кофе алып жатса, біреулері ішімдікті таңдады.


ҚР Тұңғыш Президенті туралы "Жұлдыздар тоғысқанда" фильмнің алғашқы көрсетілімі күні "Қазақстан" Орталық концерт залының дәмханасында түрлі сусындар мен дәмді пісірілген тәттілер сатылды. Біреулер мұнда сүт араласқан ерігіш кофе алып жатса, біреулері ішімдікті таңдады.

Картинаның режиссері мен актерлері журналистерге сұхбат беріп жатқанда, арғы жағында фильмді жарнамалайтын баннер жақтағы үстелде күңгірт қызыл түсті сусын пайда болды. Оның кімге құйылып қойғаны жұмбақ болып қалды. Сусын актер Игорь Угольниковтың, яғни фильмде Михаил Горбачевты ойнаған кейіпкердікі деп болжауға болады. Бірақ ол бұл рөмкеге еш қызығушылық танытқан жоқ. Ал картинада Михаил Сергеевич қазақстандық алкогольді сұраған еді.

"Елбасы жолы" киноэпопеясының соңғы бөліміндегі қайталана беретін тақырыптардың бірі - алкоголь. Әсіресе, бұл тақырыпты Алексей Гуськов Борис Ельциннің ролінде жақсы аша білді.


Фильм кадры

Борис Николаевичтың ащы сумен болған картинада ашық көрсетілген, тіпті мысалдарымен де бейнеленеді. Сонда Ельцин ішкиіммен киіз үйден жүгіріп шығып, мұздай өзеннің суына сүңгіп кетеді.

Фильмдегі осындай күлкілі үзінділерді тамашалаған көрермендер - Нұрсұлтан Назарбаев бастаған саяси және қоғам қайраткерлері картинадағы әзілдерге күліп, шапалақтап отырды.

Көрермендер ағылшындарды мас қылып, оған арнап өлең айтқан "кейіпкерлерге" қол соғады, кейін картинада Назарбаевтың "достары" The Beatles тобының Hey Jude әнін бірге орындап, қазақтың ұлттық аспаптарында ойнайды.

Ельциннің жылқының етін қалай жеуге болады деген ескертуінен кейін де көрермендер қол шапалақтап отыра берді. Бас кейіпкер Борис Николаевичке талғамға талас жоқ екенін айтып, түсіндіреді: француздар бақаларды жейді, кәрістер иттерді жесе, қытайлар бәрін...

Колбин болса өзінің бүкіл өмірін партияға арнағанын, ал партияның оған жауап ретінде оны қазақтарға бергенін айтады. Көрсетілімге келгендердің реакциясына қарасаң, оларға Колбинның (Сергей Гармаш) айтқан сөзі ұнаған сияқты.


Фильм кадры

Толған зал тек әзілдерге емес, фильмде көп кездесетін маңызды үзінділеріне де қол соғып отырды. Осындай ұқсас оқиға Тұңғыш Президентіміздің Меккеге қажылыққа барғанында болған еді. Назарбаев Кағбадан шыққан кезде, ел ұзақ күткен жаңбыр жауып кеткен болатын. 

Көрермендер фильмде Назарбаевтың өз отбасымен алғашқы президенттік сайлауға бара жатқандағы үзіндіні де назарсыз қалдырмады: Президент сайлауына жаяу бару керек болған.


Фильм кадры

Сонымен қатар, бұл фильм Президенттің күзет қызметіндегілердің арасында да танымал болатыны сөзсіз. Картинада Президенттің қауіпсіздік қызметінің жұмысы көрсетіледі. Тіпті мынадай бір әзіл де бар екен. Картинада Ельциннің күзетшісі Назарбаевтың күзетшісіне: "Сенікі көп тамақ жей ме?" дейді. Бұл "Брат 2" фильміндегі күзетшілердің әңгімелесуі туралы эпизодқа келіңкірейді.

Фильмнің таныстырылымына вице-премьер Дариға Назарбаева да келіпті. Фильмде ол жайлы да үзіктер көрсетілді. Мемлекет басшысының қызы әкесінің экрандағы протатипінің Президент болып сайланғанында өмірлерінің мүлдем басқа арнаға ауысқанын ұққанын да көрді.

Көрсетілімнің алдында фильмнің режиссері картинаны цензурасыз, өз қалауынша түсіре беруіне Назарбаевтан қалай рұқсат алғанындығын да айтып берді.


© Картина режиссері Сергей Снежкин

Мүмкін мұндай бостандық Снежкинге фильмде қазақстандықтарға жат сәттерді көрсетуге, мысалы Назарбаевтың шаршағаннан аяғының ісіп кеткені, сондықтан оған бәтеңкесін шешіп тастау қажет болғандығын ашық көрсетуге рұқсат берді. Дегенмен, картина режиссері Сергей Снежкин оның "Жұлдыздар тоғысқанда" фильмінің көркем туынды екенін атап өтті.

"Бұл енді көркем образ ғой, бұл Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өмірі жайлы түсірілген деректі фильм емес, бұл көркем туынды", - деп қайталаумен болды журналистерге Ельцин ролін сомдаған Гуськов.

Есте қаларлық бір нәрсе бар: фильмде құдайға сенім туралы біраз айтылады. Картинадағы Кағба болған эпизодпен қатар, Назарбаевтың ата-аналарының намаз оқып жатқандығы да көрінеді. Ал бас кейіпкер өзін сенім баласы деп атайды. Бір қызығы, шақырылған қонақтардың ішінде дін қызметкерлерін де байқауға болады, оның ішінде түрлі дінді ұстанатын адамдар бар. Режиссерге фильмдегі дін мәселесінің маңызды екені көрініп тұр.

"Бұл дарынды, ерекше әрі тартымды адамның тағдыры. Оның әрбір қадамы өміріндегі, мансап жолындағы, қалыптасуындағы соңғы қадамы болуы мүмкін еді. Осы өмірбаянды зерттесең, бойында бір діни сезімдер пайда болады, әйтпесе жұлдыздардың қалай тоғысқанын басқаша айтып түсіндіру мүмкін емес", - дейді Снежкин.

Нұрсұлтан Назарбаевтың күлкісіне қарағанда үш сағаттық фильм оған ұнаған сияқты. Фильм соңында титрлары көрсетіліп жатқанда, ол актерлермен әңгімелесіп, әзіл айтып, олармен бірге күліп жатты.

"Қазақстанның барлық тұрғынын осындай Президенттің барымен құттықтаймын. Маған сеніңіздер, мен Ресейденмін. Түсірілім кезінде мен өзімді қазақ сезініп кеттім. Маған бұл ел де, оның адамдары да қатты ұнайды", - деді картина режиссері. 

Сол уақытта Президент зал ортасында актерлермен әңгімелесіп жатты.

Ал бір уақытта шығаберістен қарт адамды кездестірдік. Ол Қытайдан келген актер Го Цзюлун еді. Фильмде ол Қазақстан Президентінің жақсы досы болған Сингапур президенті Ли Куан Юды сомдады.  

Ол Президент сөйлесіп тұрған адамдардың маңына жақындай алмады. Сөйтті де Президентті смартфонына түсіріп алу үшін сахнаның шетіне барып тұрды.

Ол фильмде Елбасының рухани ұстазы роліндегі ақылгөй адам болып ойнайды. Ал осы сәтте ол картинаны көруге келген көрермендер сияқты Президенттен алыс отырды. Себебі оның Елбасы сөйлесіп тұрған адамдардың қасына барып, әңгімелесуге ешқандай мүмкіндігі жоқ.

Есте қаларлық нәрсе, бұл қарт көрсетілім басталмай тұрып, басқа жұлдыздармен бірге салтанатты түрде қызыл кілем үстімен жүріп өтті. Ал тап қазір ол басқа жерде. Осыған бола ұйымдастырушыларды немесе Президент күзетін айыптауға болмайтын шығар.

Тек жұлдыздар осылай тоғысты.


Го Цзюлун жұбайымен

P.S.: Біздің мәліметімізше, қытай актері Президентпен кейін, фильм таныстырылымына арналып жайылған дастарханда кездесіпті.

Автор: Ренат Ташқынбаев

Аударған: Мөлдір Қалықова

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети