12 қыркүйек 2014 11:10

"Мен ішкіш әйел емеспін..."

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаш айнасы иллюстрациясы Алаш айнасы иллюстрациясы

 Біздің үйге қарама-қарсы 31-пәтерге жақында бір әйел адам ұлымен көшіп келді. Ұлы жасы жиырмалардан асқан, ал өзі шамамен елуді еңсерген. Тұрғындары жиі ауысатындықтан, бұл пәтерге көшіп келген анаға алғашында назар аудармадым. Әрі қалада кімнің кім екендігін білуге көршілердің аса қызыға қоймайтыны тағы белгілі. Тек есікпе-есік көрші болғандықтан, иек қағысып аман-сәлем сұрағаннан аспаймыз.


 Біздің үйге қарама-қарсы 31-пәтерге жақында бір әйел адам ұлымен көшіп келді. Ұлы жасы жиырмалардан асқан, ал өзі шамамен елуді еңсерген. Тұрғындары жиі ауысатындықтан, бұл пәтерге көшіп келген анаға алғашында назар аудармадым. Әрі қалада кімнің кім екендігін білуге көршілердің аса қызыға қоймайтыны тағы белгілі. Тек есікпе-есік көрші болғандықтан, иек қағысып аман-сәлем сұрағаннан аспаймыз.

Осылай тіршілік ырғағында еш өзгеріссіз жүріп жатыр едік. Мерекелік демалыста базардан қайтып келе жатып, есік алдындағы сәкіде отырған жаңа көршіме көзім түсті. Көзім түскені құрысын, басы төмен салбырап, жұқа шіләпісі бетін жауып, өзі оң жағына қарай қисайып отырғанын көргенде іштей дір ете қалдым. Расында да, отырысы бірден көңілге үрей ұялатты: «Өліп қалғаннан сау ма? Мына отырысы не?»... Жанына жақындай бергенімде ол бірден есін жиып, бойын түзеп алды. Сонда барып байқадым «қызулау» екен.

– Көрші, мейрамыңмен, – деді 1 қыркүйекті меңзеп. – Айыпқа бұйырма, бүгін біраз ішіп алдым. Подругама барғам. Екеуіміз көптен кездеспеген едік, біраз «жібердік». Бірақ сықпытыма қарап мені ішкіш, алқаш екен деп ойлап қалма. Кейде өмір қиындықтарынан күйзеліп кетем.

Мұндайда жалғаннан жалығып жүрген жанды жұбатудан басқа не амал бар, жанына отырып сырын бөлісуіме тура келді. Әңгімесін тыңдай келе өзінің айтқанын айна-қатесіз қалпында "Алаш айнасына" жолдап, оқырман ойын да білгенді жөн көрдім.

– Менің мұндай күйзеліске түсуім ерім Күмісбек қайтыс болғаннан кейін басталды, – деді ол. – Өзім ерте бастан үйден кетіп, әке-шешемнен ештеңе сұрамай, өз әлімше өмір сүруге дағдыланып кетіп едім. Қызым да, ұлым да мектеп бітіргендерімен жоғары білім алып жарытпады. Күнкөріс керек әрі пәтер жалдап тұратын болған соң, автокөлік жуатын тұрақтарға барып жұмыс істеп нәпақасын айырды. Ал өзім базарға шығып ұсақ-түйек саудамен айналыстым. Осыдан біраз уақыт бұрын Астанаға барып та жұмыс істеп көрдім. Бірақ Астанада қанша тауып жатсаң да ақша жеткізе алмайсың. Өзім үйренген Павлодарға қайтуыма тура келді. Енді қазір қызым тұрмыста, ұлым өндірістік кәсіпорында ауысыммен барып келіп жүр. Негізі, әлгінде айттым ғой күйеуім өлген соң күйім кетті деп... О баста біз қалаға қарасты бір ауылда тұрдық. Шыны керек, бақшамыз бар, күйеуім кеңшар тарағанда үлесіне тиген тіркемелі тракторымен көмір-ағаш тасып тәуір табыс тауып жүрді. Мен болсам бақша өнімін қалаға апарып сатып келемін немесе көтерме бағада алатындарға өткізіп ақшасын кейін барып аламын.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети