29 қаңтар 2015 11:36

Ресейдің халықаралық төлем жасаудан шеттетілу қаупі нені меңзейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Еуропа Одағының басшылары одаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлерінен Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуды қарастыруды сұрап отыр. Сөйтіп, Еуропа Одағы жетекшілері Мариуполь қаласын зымыранмен оңды-солды атқылаудан бейбіт тұрғындардың қаза тапқанына бей-жай қарап отыра алмайтындықтарын, сондықтан Ресейге қарымта жауап ертінде салмақты санкциялар салынуы керектігін талқыға салуда.


Еуропа Одағының басшылары одаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлерінен Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуды қарастыруды сұрап отыр. Сөйтіп, Еуропа Одағы жетекшілері Мариуполь қаласын зымыранмен оңды-солды атқылаудан бейбіт тұрғындардың қаза тапқанына бей-жай қарап отыра алмайтындықтарын, сондықтан Ресейге қарымта жауап ертінде салмақты санкциялар салынуы керектігін талқыға салуда.

Бұл ретте Еуроодақ мүшелері Ресейге қатысты әлемдік банкаралық қаржылық телекоммуникациялар қоғамы саналатын SWIFT-тің қызметін пайдалануды шектеуді қарастыруы мүмкін екендіктерін де мәлімдеді. Әлемдегі 209 елдің 9000-ға тарта банктері мүше SWIFT қоғамының қызметінен шеттетілу – Ресей экономикасына ауыр соққы беретіні даусыз. Еуроодақ мүшелерінің өзі де әлемдік банкаралық қаржылық ақпарат алудан, халықаралық қаржылық аударымдар жүйесінен Ресей шеттетілер болса, бұл елді даурықтырып жіберуі мүмкін екенін жасырмайды.

Осылайша, қазір Ресейге әлемдік банкаралық төлем жасаудан ысырылу қаупі төнді. Ал мұның кері ықпалы қандай болмақ? SWIFT халықаралық аударымдар жүйесінің Қазақстанның экономикасында алар орны қандай? Көршінің бұл қызметтен шеттетілуі бізге әсерін бере ме? «Алаш айнасы» бүгін осы сауалдарға жауап іздеуді жөн көрді.

Ресейге экспорт-импорт төлемдерін жасау қиындай түспек

Жалпы, SWIFT қоғамының нарықтағы салмағын айтсақ, ең негізгісі SWIFT халықаралық ақша аударымын сенімді әрі тиімді, тез жіберу тәсілі. Әлемнің кез келген жеріне SWIFT жүйесіне қосылған банк арқылы шектеусіз сомада аударым жіберуге болады. Бұл әсіресе экспорт-импорт төлемдерін жасауға өте қолайлы қызмет түрі. Біз жоғарыда әлемнің 209 елінде 9000-ға жуық бұл қызмет түріне енгенін айттық. Сол тәрізді Ресейдің әрбір банкі бұл қызмет түрін пайдаланады. Әсіресе экспорт-импорт аударымдарын жасайтын банктерінде осы қызмет түрі терең жетілген. «Егер Еуропа Ресейді нақ осы қызметті тұтынудан шектейтін болса онда көрші елдің экономикалық дағдарысы тереңдей түседі» дейді мамандар.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети