19 желтоқсан 2014 10:07

Рубль күйреудің алдында тұр, ал Қазақстанды не күтуде?

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Ресейдің Орталық банкіне рубльдің құнын өз деңгейде ұстап тұру қазір аса қиындық туғызуда. Тек осы дүйсенбі күні ғана Орталық банк рубльді ұстап тұру үшін 700 млн доллар жоғалтты. РФ Орталық банкіне бұдан бұрын да рубльдің құнын әлсіретпеуі үшін бірнеше мәрте алтын-валюта қорынан қаржы алуына тура келген болатын.

Қазір көрші елдің экономист-сарапшылары және халықаралық сарапшылар Орталық банкке рубльдің құнын одан әрі түсірмеуі үшін қилы-қилы бағыттарды ұсынуда. Соның бірі алтын-валюта қорын әртараптандырып, доллардан арылу үрдісін тереңдету болса, енді бірі Еуразиялық экономикалық одақ аумағында яғни Қазақстан, Беларусь, Ресей аумағында доллар мен евро бойынша еларалық операцияларды жүргізуге тыйым салу. Міне, қазірде Еуразиялық экономикалық одақ барысында төлем жүйелерін дамыту тұжырымдамасына қатысты осындай ұсыныстар да көтеріліп отыр. Әйтсе де халықаралық сарапшылардың пайымдауынша, мұндай қадамдардың өзі рубльді күйреуден алып шыға алмайды. Себебі қазір Ресей рубльі басқару кезеңінен өтіп кетті.

Сөйтіп, рубльдің күн сайын рекордтық көрсеткішке дейін төмендеуіне қазір әлем елдері алаңдап отыр. «Ал Ресейдің Еуразиялық экономикалық одақ аясында доллар мен евродан бас тартамыз деуі бұл тал қармаудың амалы» дейді мамандар.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети