26 желтоқсан 2019 15:33

Рухани жаңғырудың негізі - тілдік реформа

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылғы 25 желтоқсанда Алматы қаласындағы "Ғылым ордасына" қарасты Орталық ғылыми кітапхананың мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ерден Задаұлы Қажыбектің Институтта 2019 жылғы атқарылған жұмыс нәтижелері және алдағы жоспарлар мен міндеттер туралы жария есебі тыңдалды.

Тіл білімі институты "Латынграфикалы жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу" атты 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында ​латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық әліпбидің емле ережелері,​ Қазақ орфографиясының анықтағышы, Қазақ орфоэпиясының анықтағышы, кирилл және латын графикаларындағы Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бірліктер атауларының анықтамалығы, кирилл және латын графикаларындағы Қазақстан Республикасы физика-географиялық атауларының параллель анықтамалығы, Қазақ тілінің пунктуациялық анықтағышы, латын әліпбиінің өзекті мәселелерін қамтыған 4 мақалалар жинағы мен 7 жинақ-кітап, 7 сөздік, 6 проспект, 3 ұжымдық ғылыми монография дайындалған. ​ 

Сонымен қатар жаңа латынграфикалы әліпби негізді көлемі 10 миллион сөзқолданыстан тұратын қазақ тілінің мәтіндер корпусы әзірленген. Мемлекеттік тілді латын графикасы негізіндегі әліпбиге кезең-кезеңмен көшіру жұмыс жоспарына сәйкес​ тілдік рейомарның маңызы мен мәнін түсіндіру мақсатында  200-ден аса ғылыми, ғылыми-көпшілік, ақпараттық-танымдық ​ мақалалар, сұқбаттар отандық және шетелдік​ басылымдарда, БАҚ-та ​ жарияланған, 11 дөңгелек үстел, 10 ғылыми-теориялық конференция, 21 семинар өткізілген.

Сондай-ақ, Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан, Кипр, Якутия, Польша мемлекеттерінің ғылыми мекемелерімен халықаралық ынтымақтастық байланыс орнатылып, меморандум жасалды.

"Ғылыми-зерттеу жобасының ​ жобасының биылғы жылдық есебі ұлттық ғылыми кеңесте қаралып, сарапшылардың​ 25,33 ​деген бағасын алды.​ Бұл - ең үздік нәтиже", - деп ​ түйіндеді Тіл білімі институтының директоры биылғы жылдың оң нәтижелі болғанын​ айта отырып.

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети