12 қыркүйек 2014 11:07

Шылым бағасын 500 теңгеге көтеру шылымқорларды бес есеге азайта ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса Елеубеков (фото) Нұрғиса Елеубеков (фото)

 Қазақстан халқы қазірде темекі өнімдерін сатып алуға жыл сайын 1 млрд (!) доллардан астам қаржы жұмсаса, тек қана темекі шегуден халқымыздың ағзасына түскен ауыртпалықты емдеуге жыл сайын 5 млрд доллар (!) көлемінде қаржы кетеді. Осыған байланысты "Алаш айнасына" пікір білдірген мамандар еліміздегі шылымқорларды темекі түтінінен азат ету үшін болашақта мемлекеттік салмақты шешімдер қабылдануы қажеттігін алға тартып отыр. Ал ол қандай шешімдер болуы керек? Бұл ретте нендей салмақты пәрмен қажет? Енді осы жағын сараптап көрелік...

Негізінде, темекіден халықты азат қылуды мақсат еткен ұлттық коалиция мамандарының пайымдауынша, болашақта шылымның бағасын еселеп тұрып өсіру қажет. "Мысалы, бір қорап шылымның бағасы 500 теңге болғанда, еліміздегі шылымқорлардың саны бес есеге азаяр ма еді?!" дейді мамандар.

Десек те, бұған қатысты отандық сарапшылар өнімнің бағасын өсіру арқылы мәселені шеше алмайтынымызды, бұл мәселенің әлеуметтік мәні өз алдына, экономикалық жағы да ушығып тұрғанын алға тартуда. Мәселен, мамандар сөз еткендей, темекі шегу арқылы Қазақстан халқы денсаулығын құртып қана қойған жоқ. Бұдан ел экономикасы да айтарлықтай соққы алып жатыр.

Дәурен ӨМІРЗАҚОВ, заңгер:

– Отандастарымыздың темекіге тәуелділігі елге сырттан темекі өнімдерін әкелетін шетелдік компаниялардың "айын оңынан туғызып тұр.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети