29 мамыр 2020 11:30

Топырақ жыр - торқа жыр: туған жер жырларына арналған лирикалық толғаныс

ПОДЕЛИТЬСЯ

© massaget.kz © massaget.kz

Жәркен Бөдешұлы жазған туған жер жырларына арналған лирикалық толғаныс


Жәркен Бөдешұлы жазған туған жер жырларына арналған лирикалық толғаныс

Жә, Жәркен Бөдешұлы туралы түгінен түбіне дейін білемін десем ұят болар. Өлең- сөз өнерінен шамалы білем десем, бойға қуат болар, ойға суат болар, сезімге шуақ болар. Ақылға да ар айналып қонар.
Неге?

Өнер дүниеге келгелі, өлең дүниеге келгелі сан боздақ , сан тарлан " туған жер " аясында сан сапырып талай тақырып тартты. Ағынан жарылып сауып- сарқып айтты. Алтын бесік, асыл аймақ, ордалы отан, жерұйық жерді , дархан елді жырлады. Мәрмәр тілді маржан сөзбен сырлады. Тоқсан тоғыз толғады, қасиетін қалқып қозғады. Бырақ соның бәрі, соның нәрі Жәркен жазған " туған жерден" озбады. Оны сан қайталап оқысаң да , жаңадан туып, соныдан түлеп тозбады.

Ендеше ақын өзі толғасын, өзі қозғасын, өзі жырласын, өзі сырласын.
Бізге тыңдау керек:

Туған жердің қар- мұзы,
Ызғарыңмен жундыр.
Туған жердің бал қызы,-
Буныңмен буындыр.
Туған жердің бұлағы,-
Толқыныңмен ат мен.
Туған жердің жыланы,-
Шырылдатып шақ мені.
Туған жердің шеңгелі,-
Тырна аямай бетімді.
Туған жердің желдері,-
Аузыма қүй өтімді.
Туған жердің доңызы,-
Құрсағымды жарап кет.
Туған жердің қоңызы,-
Домалатып алып кет.
Туған жердің қасқыры,-
Кемір ақын сүйегін.
Туған жердің тас- қыры,-
Сені осылай сүйемін.
( Жәркен Бөдешұлы)

Ғаламат, ғайып.
Ғайып болғанда , туған жердің алтын, асыл, бағалы байлығы емес, ең нашар, ең арзан " доңызы" мен " қоңызы" да жауһардай жаһұтқа, гәуһардай байлыққа, бағасыз бақытқа айналып кеткен. Өлең- өнер сөз құдіретімен тазарып, мөлдіреп жүрекке жеткен.

Әуелі , туған жерде, туған елде тарыдай тамшы жамандық болмайды, жақсылығы солмайды, оны басқа елдің, жат жердің әр қандай асылы , алтыны орнын баса алмайды.Бағасын толтыра алмайды деп білетін, сері сетер сезінетін , сал- сері ақын Жәкеннің жайсаң жанында, ақындық қанында еш жамандық болмайды. Туған жерінің даласындай аңқылдап, аққу- қазындай қаңқылдап, мөлдіретіп жыр төгеді. Шүлен сұлу сыр төгеді. Сосын сағынышынан саз ойнап, ерке мұңынан нәр ойлап, туған жерінің бал қызының бұрымына оралып, ойлы сөзіне оянып, түнығына жуынып, жаманына суынып, доңызына жардырып, қоңызына аунатып, қасқырына кеміртіп, шеңгеліне жеміртіп, жыланына шақтырып, бағалысына бақтырып туған жерін - тас бұлақ жырмен тамылжыта тасытып жырлайды.
Иә, Жәкеңнің осынау жырларын оқығанда , қолқа- баурыңды қопарып, жүрегіңді қотарып, бойыңдағы барыңды туған жерге сыйға сыйлайсың- ау, сірә, ақын жанды , туыс қанды ағайын.

Жә, Жәкеңнің жырдан жаралған жанын үққан, " жат жерде" жүріп, сағынышы жүрекке бұққан арда азамат, арлы адамдардың бәрі де,
Жәкеңнің бұл жырын оқығанда, оны іздейді, артынан жүгіреді, сезіміне жүгінеді, ерлігіне елітеді, елдігіне ерленеді, сұлулығына серленеді. Елін сағынады, жерін аңсайды. Сонда барып:

- Жәке, Жәке-ау, ыстық баурыңды ашшы, құт қүшағынды жазшы" туған жер" өлкедей қайетті " бүйіріңе"," бүйрегіңе" басымды қояиын, " зарығымды" жояиын. " жат жерден" кетейін, қүт мекенге жетейін,- деп ақын айналасынан кете алмай, алысқа үзап жете алмай, арпалысқан асау арғымақ сезіммен , ақ жармадай жарыласыз, босап бордай егілесіз.Үкі қаурсынындай үпілдейсіз. Топырақ жырдың йсіне йисіз,туған жердің құтына құнығасыз, туған елдің құдіретіне семіресіз.
Иә, сөз расын айтсын, ақын өзі жырласын:

Тас бар деп бүйрегіңде дәрігерім,
Жарымның ұялады әріне мұң.
Достарым, балаларым, бәйек болып,
Бағады қабағымды бәрі менің.

Шаң жүтқан қазан аттай жорықтағы,
Бұл дерттен көмпіс жүрек қорықпады.
Сіңірген бал мен зәрді қайран бұйрек,
Қайтейін түйір тасты қортпады.

Қай таудың тасы екен деп ойланамын,
Тасйды ойласам- ақ бойда қаным.
Ат жалын тартып мініп ес білгелі,
Жолына қай тараптың бойламадым.

Сыр бардым, Арқа бардым, Алтай бардым,
Бір емес Ала тауды алты айналдым.
Жерінде Көкше таудың есімді жыйып,
Өрінде Тарбағатай марқайғанмын.

Қашанда тас ыстық қой тау ұлына,
Аттанам тауды аңсасам, ауылыма.
Қай таудың тасы екен сол бүйректегі,
Тәнті еткен жауынына, дауылына.

Мен де бір өнер қуып, жүрген сері,
Жаныма асқақ ән мен жыр көрші еді.
Алыстап тауларымнан жүргенімде,
Денемде жүрсін солай бір бөлшегі.
( Жәркен Бөдешұлы)

Әне, Жәкеңнің өзі де, өлең- жыр жыинағы да, ата мекен , кіндік жүрт секілді. Оның басқан ізінен, жортқан жолынан, ой құнарынан туған жердің топырақ йсі аңқып тұрады. Сүт таңдай өлеңінен уыз йсі аңқып тұрады. Ұйғарымды ойы - апам ұйтқан ақ айрандай санаңда ұйып түрады. Атқан таңдай ақ маңдай ару еркелеп келіп, қаймақ ернімен ақ маңдайыңнан сүйіп тұрады. Ақ маржан сезімі ақ жауындай құйып тұрады. Қыз қызығынан ары асып, туған жерден ауған елдіңдің де , тағдыры қызықтырады. Жәкеңнің де қыз бұрымына оралып орғыта жырлауы тектен- тек емес- ау...
Бәрінен абзалы , кереметі керектісі сол- " бал мен зәрді" қоса қортқан " қайран бүйрек" туған жердің түйір тасын қортпайды. Ақын да оны дәрігерге алғызбайды. Осы арқылы - ақ, ақын туған жерге- туған жер ақынға айналып, бір бүтін дөңгеленген керемет керімсал дүниеге көше барады.
Ол ғана емес.

- Тауды аңсаса, ауылына аттанады, жанына асқақ ән мен жырды көрші етеді. Бұйректегі тастың төркініне ой үзатады, қиял қыдыртады. Сыр барады, Арқа барды, Алтай барады, Ала тауды да алты айналады. Көкше тауда есін жыйып ер жетеді. Бырақ бәрінен емес, Тарбағатайдың өрінде марқайяды, тас сонікі болып шығады. Туған жердің кіндік қанына байланған тасты алдыру ақын үшін азап, ары үшін ғазап саналады.
Әне, өлеңнің өртеңді өзегі де, мәнді мәйегі де, дәнді дәйегі де, тәтті дәлелі де дәл осында жатыр.
Неге?

Туған жердің - тауы- тасы, ауылы - қаласы, ауасы- даласы, туған елдің анасы- баласы, данасы- сарасы, бәрі- бәрі де, бұйректегі түйір тастың түйінімен түймеленіп бырақ айтылады да, жаһұт сөз, жауһар оймен оқырман жүрегін жаулап, сезімін аулап, туған елді көруге, туған жерде жүруге асықтырады.

Демек, сезімін аңсар жанға ақтарған, арлы ойын туған жер қойнына қондырған, бала мінещін бал бұлағына қандырған, ұжымақ сөзден ұжданын жандырған, өнермен жүректі өрлеген, өлеңмен өзекті өртеген Жәкең жырларының, сылқым сырларының ой йманына ұйып, қуат күшін бойға жыйып, туған жер қасиетін , кіндік ел мерейін анық білесің. Жыр кемесіне де серленіп нық сеніммен мінесің. Осыдан соң арыңды тазалап, азаматтығыңды бағалап, Ата жүртқа да айналмай келесің. " туған жер бөлшегін" көтеріп жүрген Жәкеңмен бірге жүресің, ақынмен қоса күрсініп, ақынмен қоса күлесің.

Егер туған жерді сағынсаң, " туған елге" табынсаң , арыңды аршып, ақын артынан ересің. Жәкеңдей сүйсең, туған жерге Жәкеңдей күйсең, туған елге , онда сап- сары көзбен сарғайя қара да, мына өлеңін оқы, сап- сары көкіреке даналап тоқы:

Туған жерден кеткелі,-
Сағынышым көп тегі.
Айға қарап ұлыған,-
Мен бір жалғыз көк бөрі.
Айға қарап ұлысам,-
Ай сарғайып батады.
Күнге қарап ұлысам,-
Күн сарғайып батады.
Таңға қарап ұлысам,-
Таң сарғайып атады.
Тауға қарап ұлысам,-
Тас сарғайып қалады.
Суға қарап ұлысам,-
Су сарғайып ағады.
Сарғайтпайтын заман жоқ,-
Адалы аз да , арам көп,-
Ұрлығы көп пәниде,-
Ұлымасқа амал жоқ.
(Жәркен Бөдешұлы)

Иә, өлең көк бөрісі, өнер көк бөрісі , сезім еркесі, сөз серкесі, ой семсері, идия иманы Жәкең туған ел мен туған жерге деген сағыныштан бақаиынан тартып, басына дейін сап- сары. Ол қайда барса да, қайда қараса да түгел нәрі сарыға айналып кете барады. Табаны тиген жер, демі тиген ел де, сарғайып жүре береді. Сондықтан оның жыры- сыры да , шыны - шыңы да , арманы- дәрмені де, мәні - сәні де, әні- әдемілігі де, сезімі- сенімі де, қиялы- қыры да , өлең- өнері де, өмір- тірлігі де түп- түгел , төрт құбыласы сарыдан , сары алтыннан жаралғаны хақ, айдай ахиқат.
Жә, ақынның ұлуы- бойының жылуы, ойының сұлуы болып, өлеңнен өрнек болып төгіледі. Оның сарғаия ұлуынан ойың жылыиды, бойың сергиді, сезімің серленеді, сенімің бекиді.
Неге?

Ол- туған жер күні, туған ел үні. Қоңыр дауысты қоңырауы, сазды әні, назды мәні, мағыналы мәйегі, берек мықты дәиегі. Ол - ұлуымен үиытады, жылуымен жылтады.
Ол ғана емес.

Ескі жұртты, көне мекенді, баиырғы тауды, арысы жауды еске алады, ақылға салады. Арғы заманды, аршын ғасырды қозғайды. Ой түбін қорғайды, парасат парағын парақтайды, тыныштық түбін тінтеді, уақыт тынысын кеңітеді.Ақыл көзін көзейді, сезім серпілісін жалғайды. Сағынышын сары сөзбен арбайды, " арамы көп " арсызды арлы сөзбен қармайды. Одан да ары терең тамырдан тазалап тартып, Күнбйді емізген, Оғызға, ордаға жол бастаған, Жәнібекке арқа болып қол бастаған , Тәңірдің елшісі - көк бөрінің ұлуынан ұлылық тауып ұйтады. Сонымен өр заманның ошағын оттандырады, қор ғасырдың қоламтасын қоздырады. Осының бәрін, ойының нәрін отты жыр, тоты сырмен нәрлендіреді. Аршып айтып әрлендіреді. Сүйтіп бойға сағынышты сарқып қүияды, ойға ақылды сауып құияды, санаға парасатты тауып қоияды.
Бұл не?
Бұл - Жәкең жырының қүдіреті, Жәкең сырының күш- қуаты, ой суарар суаты болмақ. Оған бойың балқып, қиялың қалқып толмақ...
Ол ғана емес.
Оны ары қарай айтсақ, аршып талдасақ. Тағы тамсанар тақырып бар:

Туған жерім жәйір тау,
Екі өркеші айыр тау.
Айыр таудан сүм тағдыр,
Тірідей мені айырды- ау.

х х х х х х х х х х х

О, кіндік қан, кіндік қан,
Тама сала сені шегір құм жүтқан.
Туа сала мені мешкей мұң жүтқан.
Мені тағдыр қуғындап,
Сені дауыл сырғытқан.

х х х х х х х х х х

Сағындым қара суыңды,
Сағындым сары майыңды.
Жатармын қайтып шағынбай.
Шыдармын қалай сағынбай,
Толтырған екі ұртымды,
Сағындым малта құртыңды.
Саудырап кепкен шағылдай,
Сағынып жүріп, бір барсам,
Бір барсам емес , мың барсам,
Ашыларма екен қарығым,
Басыларма екен зарығым,
Шегара бөліп түрса да,
Жәйірім көрер жарығым.
( Жәркен Бөдешұлы)

Бүған көп сөз айтып көпіру керек емес, жалғыз сөз- түйін біреу, өзек біреу. Ол - туған жер, туған ел. Оған болған ақынның ақ жайық асау сезімі, арыстан ой , қыран қиялы. Туған жер мен елге деген сенімі. Ақынның жыр кеудесінде сағыныштың сары тұлпары ойнақтайды, түнба төсін жара тартып ойқастайды. Құлын дауысы арыдан , алыстан ,құлан йектен кісінейді, сағыныштың сары ойы оиянып, санадан есінейді.
Бәллі...

Жәйыр таудан, айыр таудан тірідей айырылған ақынды , сүм тағдыр сүмдық ойға жетектейді. " кіндік қанын шегір құм жұтады, өзін өртеп мешкей мұң жұтады", " тағдырын дауыл айдап сырғытады" , сағынышын кіндік қаны тамған жерге ырғытады.
Иә, солай да солай.
Тағыдырын алысқа айдап тағы етеді, сезімін сауысқаннан сақ етеді. Туған жерге дегенде ақынның бал таңдайы тақ етеді:

Баурым көшіп келсе де,
Құшағыма енсе де,
Ауылым көшіп келсе де,
Адал асын берсе де,
Ақ бетеге ен жайау,
Ақпа бұлақ кең қойнау,
Кіндік қаным бір тамған,
Жәйірім көшіп келмейді- ау.
Шын ғарыппын ендеше,
Жаралғансын адам боп,
Сарғаймасқа амал жоқ.
( Жәркен Бөдешұлы)

Деп кіндік қанға байланған бақытын іздейді.Жер көксеген қас тұлпардай жер тарпып тезегін йскеиді. Елі кеткен, жүрты көшкен жетім жерден де жерімейді. " жер" деп езіле елжірейді. " ел" деп емірене езіледі. Сағына кетіледі, сосын оған балдай тәтті жыр арнап, сыр самал сұлу сыр арнап , марқаиып қанаттанып жетіледі.
Ол ғана емес.
Түбі терең шыңырау, шүңет ойдан ой сабақтап, қиял қауызын аршып шабақтап, арыдан , алыстан пікір қозғайды. Ойлы жан, саналы азамат, арда оқырман Жәкеңнің осынау жырларын оқығанда , түп тамырдан тартып ойланады.
Ойланбайды, оиянады.
Неге?

Топырақтан жаралған, топырақтан нәр алған Адам ата, Хауа ананы еске алады, еске салады. Топырақтан жаралып, топыраққа қайтатын қара басты, бақа тісті пенденің түла ту төркіні- қара топырақ емес пе? Ақынның да , бауры келіп, ауылы көшіп жатса да, Жәйрдан жатырқамауы , қара топыраққа қайта- қайта тартуы міне содан болар.
Иә, осыны жыр сонысмен алшысынан алып, алқымдап айтып, түп тамырдан тазалап тартып, қотара қазып, қопара жазып отырғаны да , сірә, содан болар...

Демек, мүны тауып тануға, аршып айырып айтуға бйік парасат, кеміл идеия, кесек көзқарас, бағасыз ақыл, сарқылмас сабыр, күдіксіз күш керек.
Неге?

Елі келсе , жері келмейді. Жері келмесе, жерігі қанбайды. Жерігі қанбаса, туған жерді жаннат деуден талмайды. Осыны танығанда , ақынға арқаланасың. Өзің де ақынға айналасың. Туған жерді де қоса сағынасың, қүдірет күшін де туған жерден аласың. Туған жерді де тебірене жазасың...
Әне, Жәкеңнің де саудырап кепкен шағылдай ауылын аңсауы, сары мейіздей кеуіп сарғаия жырлауының қыиры қырымда, шыиыры сырында, тамыры терең, түбі алыста.
Қалайша?

Ананың саусағының табы қалған малта құртты да, қүртты ала қашантын кезқүйрығы, қарғасы да, сары май , балдай қара суы да, кіндік қаны тамған қара топырағы да, ары үшін жаннат, өнер - өлеңіне , ұшар бйігіе самғар қанат екенін қайра қайталап,қара сөзбен қаузау намыс. Оны басында мыиы бар, санасында ойы бар өрелі оқырман бірден танып, тауып түсініп жатады. Түсініп қана жатпайды, терең , шүлен түйсініп жатады. Туған жерді, думанды елді әндетіп, әуендетіп Жәкеңмен бірге жылап, бірге жырлап , бірге сағынып, бірге табынып, бір арнадан аунап, бір сағадан қунап, бірге толып, бірге солып, бірге ұғысып, бірге тоғысып жатады:

Ұқсайсың меніменен бір туғанға,
Ұқсайды мінез- құлқың түр тұлғаңда.
Анамның саусағының табы қалған,
Жаным-ау , жанқалтаңда құртың бар ма?

Сарғайған сағынышым бар басымда,
Ауылдан артық жаннат бар ма , сірә.
Өреден ірімшігін алып қашатын,
Сағындым кезқүйрығын, қарғасын да.

Аман ба ауыл - аймақ , жүртыменен,
Аман ба мен білетін бір түп емен.
Боздаған боз даланың ботасы едім,
Жанымды ашшылатшы қүртыменен.

Сағындым сақараның қыз көктемін,
Сағындым салқын самал дүзді өпкенін.
Сағындым салқын күзде қоңыраулатып,
Қаитатын аққу , қаздың тізбектерін.
( Жәркен Бөдешұлы)

Жә, сіз мына әнді айтқанда қайда жүрсіз?
Иә, байрғы ауылда, баяғы аймақта , ата жұртта, кіндік мекенде, туған жерде, баурмал елде еркелеп жүрсіз. Ерленіп еліктей секіріп жүрсіз. Серленіп сергіп жүрсіз, серуендеп сейілдеп жүрсіз. Жәкең де боз інгендей боздап , боз далада боздақ ән салады.
Ол әнді әншейін салмайды.

Ауыл- аймақ, бота- тайлақ, ата- баба, ана- баланы көзайым көңіл көгінен жарық жұлдыздай жамыратып, жанды жадыратып, сезімді мөлдіретіп , қиял қылын дірілдетіп, ұйтып, улжытып, улдетіп, тамылжытып , тамсанта салады. Үш жүз алпыс екі тамырды солқылдатып, жан түкпірін қопара салады.

Санадағы сағынышты туған жер мен думанды елге қарай еліте , қотара салады.

Ол ғана емес-ау.

Ананың дана қасиетін түгел аршып, түгінен түбіне дейін түгендеп айтып, сөз шынжырлап, ой шылбырлап, образды бұйдалап отырған ол жоқ. Күллі ауылды , түтас аймақты аударып ақтармайды. Соның бәрін, соның нәрін тек қана анасының саусағының табы қалған титти құрттың құдіретіне сыйғызады да, жүрегіндегі сағынышты сауып, сарқып айтады. Одан ары қарай сол құртты, ірімшікті алып қашатын кезқұйрық пен қарғасы, қыз көктем, мүз өткелге сабақтап, көркем кеңістік көрсетеді. Көз алдыға елестетеді. Ел тілегін тілейді, амандығын сұрайды. Бас- аяғы төрт-ақ шумақ өлеңде ұланғайыр ұласқан ұлы ой сағынышы сапырылады. Қайтқан құстың, ұшқан қаздың қанатына да ілесіп, ақынның ақ маржан арманы, жойқын тілегі, сары сағынышы суылдап, сүңқылдап бірге ұшады. Қоңыраулы аспан , қоңыр таудың қоңыр әнімен бірге күрсінеді. Күрсінгендей сезіледі.
Сезілмейді.

Сезімге сері, әсерге әсем ән қалтырады. Бар жүректі , нәр тілекті әнмен бағындырады. Әнмен табындырады. Тілсіз түйсіктерді тілдендіріп, әнмен құлағын ашады, әнмен сағынышын басады.
Иә, керемет.
Кереметі сол, керегі мол.

Аспан да өлең , жер де өлең, ер де өлең, ел де өлең, құс та өлең, қоста өлең, құрт та өлең, құт та өлең, өлең емес ештеме жоқ. Бәрі дөңгелеп өлеңге , өнерге айналып кеткен.

Міне, ой шүлені өсіп, қиял қыдыры бөсіп, ойың орғып осыған жеткенде, ақын ақылынан, ар алыммынан айналасың. Апам ұйтқан ақ айрандай ұйып, әсерлі әсем ән тыңдайсың.

Ән тыңдайсың да , туған жер мен елге елітіп " жат жерден" көшіп, " жат елден " өшіп, бырақ бір жола кетесің.
Бұл не?
Бұл- ән қүдіреті, өлең қуаты, өнер көші, сезім күші, сенім серті деген осы.
Осы ғана емес.

Ел шетінде, жел өтінде, қыиыр қонып , қиян жайлап,туған жерден алыста, туған елден арыда жүрген жан осы әнмен-ақ қонысын құтқа, сезімін жаннатқа айналдырары хақ. Сағынған жанын, тасыған қанын ауыл- ана құртымен ашылатары ахиқат.
Ол да емес.

Оның ар жағында, алыс астарында" ел танымағанның ертеңі қаран", " жер танымағанның қонысы қаран" , " елдің ертеңін ер- сақтайды", " ұрпақтың ертеңін - жер сақтайды" деген терең дүние, телегей ой, тебіреністі көзқарас , салмақты пікір, сабырлы тұжырым жатыр. Баба сөзі , дана көзі даңғыл дара жол жатыр. Туған жердің түнығынан көтерілген , баба сөзінен бастау алған бағалы бай парасат , бағамды бағалау жатыр.

Жә, Жәкең жәйлі мынаны да сабақтай жазған оң болар. Жәкнң күллі қазақ өлең- өнер, сөз өлкесінің алтын көзі, асыл сөзі, құрыш қоры, дыңды діңгегі саналатын 15- 18 ғасырдан соң үзілген жыраулық дәстүр , айшықтап айту, ақыл- нақыл толғау жырларының ғасырлық ұлгісін , ұрдісін қайта жалғаған 20 ғасырдағы дана ақын, дара жырау, төкпе сөздің, көреген көздің, жыр нөсерінің қас шебері. Ғасыр кетігіндегі алтын көпірі. Ол жылап жырласа да, шындап жыласа да, оның меруерет жырларынан, мейрлі мерейінен , алымды ақылынан , иланымды идеиясынан таптырмас нақыл, алтын ақыл көкірегіңе саулап құияды да түрады. Іштен адамдықты өсіреді, сырттан жамандықты түлетеді. Оған алтын көз оқырмандары асыл сөз бағасын бағыштары хақ.
Демек, Жәкең жырларын көне соқпақ, ескі талдау, қасаң назарияға салып қатқыл қаузаудың, иіні сүрі, ирегі басқа сын тезіне салудың қажеті жоқ. Оны ойлы көз, сараптал санамен , сабырлы азаматтықпен оқу, оқығанды ұия көкірекке тоқу ғана абзал.

Аш ішекті сөзді азайтып, соңғы сөзді, өзекті пікірді, кіндік кесімді, жүлынды жосықты, арқалы айтуды, сындарлы сынды, ақынның өзі айтсын, өзі аршысын:

Мен ақын емеспін,
Тағдырым ақын.
Көктемдегі сағымдай сан құбылатын.
Жаным ұлы тау секілді:
Өзені туласа,
Ұлары шуласа,
Байқызы жыласа,
Тастары құласа,
Бораны аңыраса,
Орманыижамыраса,
Қасқыры ұлыса, жаңғыратын.
Мен ақын емеспін,
Тағдырым ақын.
( Жәркен Бөдешұлы)

Қызық.
Қызық емес. Дара мінез, дала мінез ақын өзін- өзі білді. Өзін- өзі таныды.Оны асырып та айтпады, жасырып та жазбады. Қалқалап та қалмады. Тәбйғй тәбйғатын тасқа басқан таңбадай танытты. Оған өзі де , оқырманы да қанықты.

Жә, оны әне образ, міне мінез, ойлы ой, марқа көзқарас , көсем көркем сөз, сылқым сұлу сыр, таңға жайып тамаша тақырып деп таңғала талдаудың , құр, құрғақ тамсанудың , бойдақ сөзді буазытып ауырлатудың қажеті қанша, қауқары шамалы.

Ақын өзі сыншы, өзі төреші, өзі қазы, өзі таразы. Бәрін өзі тазалап, өзі тақырлап , нәрін аршып, ашалап айтты. Оған одан ары сөз қақсатып, ой ақсатып, шабан пікір, арзан баға, арық сын, көтерім көзқарас айтып, жүгенсіз жүйке жүқарту намыс. Арға қонбайды, ақылға сыимайды, санаға саймайды.

Қазақы қара тілмен қайырсақ, жалғыз ауыз сөз бар. Ол мынау " Өзін - өзі білген - әулие, өзін білмеген әуіре" ата сөзінен асып, баба көзінен өтіп , ешкім де баиянды баға бере алмайды. Уақыт -алтын таразы, ұрпақ -ұлы қазы.

Жәкең жырларының гүл төбесін түгел көруге, түтас білуге, айырып аршуға, бырақ ашуға нар тақырып керек. Төрт түрманы толық, төрт құбыласы тегіс, түгел сөздің түбін білетін, сөз бйі білікті сыншы керек. Ол- ұрпақ ұлағатындаңы , келешек еншісіндегі, уақыт қазынасындағы , қазы жарар қара қыл. Хақ айырарыңды қазы халқым өзің біл.

Болат Бопайұлы
28. 06. 2000 жыл, Алматы

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети