18 қараша 2018 17:50

Үш бала және ипотека бар ма? Бәрібір жаныңа жайлы жұмысты таңда

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © pixabay.com Иллюстрация © pixabay.com

Жұмысқа орналасайын деп жатырсыз. Алда сізді бірнеше сәтті кездесу күтіп тұр, бірақ қай жұмысты таңдарыңызды білмейсіз. Бір жердің жалақысы жақсы, бірақ алыс орналасқан. Ал бірі үйден екі аялдамалық жерде, бірақ жалықтыратын қызмет ұсынады. Tengrinews.kz тілшісі жұмысқа тұруға байланысты кеңес беру материалдар сериясын жалғастырады. Біздің сарапшы Людмила Лукина жаңа жұмыс туралы шешім қабылдағанда шын мәнінде не маңызды екенін айтып берді.


Жұмысқа орналасайын деп жатырсыз. Алда сізді бірнеше сәтті кездесу күтіп тұр, бірақ қай жұмысты таңдарыңызды білмейсіз. Бір жердің жалақысы жақсы, бірақ алыс орналасқан. Ал бірі үйден екі аялдамалық жерде, бірақ жалықтыратын қызмет ұсынады. Tengrinews.kz тілшісі жұмысқа тұруға байланысты кеңес беру материалдар сериясын жалғастырады. Біздің сарапшы Людмила Лукина жаңа жұмыс туралы шешім қабылдағанда шын мәнінде не маңызды екенін айтып берді.

- Людмила, ең жақсы жұмысты таңдаудың қандай да бір құпиясы бар ма?

- Бар. 3-5 сәтті аяқталған сұхбаттан кейін жұмысқа қабылдау туралы ұсыныстар түссе (job offer), бұл табысты көрсеткіш деп есептеледі. Мұндай жағдайда адам жұмысты амалсыздан емес, қалауымен таңдай алады. Ол азық-түлік, пәтер, автокөлік, балабақша және басқа да қажеттілік үшін ғана ұсынысты қабылдамайды.

Тек жұмыс беруші таңдайды деген қате пікір. Адам өзі таңдауы керек, ол үшін алдағы 3-5-10 жылда қол жеткізгісі келетін жетістіктерді елестету керек. Сонда ғана карьера жоспарын жасай отырып, мақсат-мүдделерге сай келмейтін жұмыстарды сызып тастауға болады.

Адамдардың 80 пайызы: "Жұмыс берушіні қалай таңдадыңыз?" деген сұраққа, "жалақысы бойынша" деп жауап береді.


Сурет: pixabay.com

- Бұл жаман ба?

- Мұндайда құрбан ететін нәрселер көп. Әрине, біз әрқашан ақшасына қарай тиімді ұсыныстар іздейміз. Бірақ қанша ақша берсе де, жасай алмайтын нәрселердің барын түсіну керек. Мысалы, қызмет барысындағы сыйласпаушылық, дау-дамай, балағат сөздер немесе жұмыстың өзі. Темекі, арақ-шарап компанияларының, әдетте, жалақысы жақсы, бірақ діндар адамның көбі онда жұмыс істей алмайды. Өйткені жасаған қызметінің нәтижесі құндылықтарына сәйкес келмейді.

- Оның несиесі, ипотека, үш баласы бар, ал әйелі төртіншісіне жүкті болса ше? Онда не істеу керек?

- Әлі де осылай әрекет ету қажет. Балалар мен ипотека алдағы бес жылға жоспар құрып, мақсатқа жетуге көмектесетін компания таңдауға қандай кедергі келтіруі мүмкін? Көп ақша төлейтін орынды таңдау керек деген өте қате пікір. Өз тәжірибемнен айтсам, жұмыс берушіні мансаптық жоспары мен құндылықтарына сәйкес таңдаған адам жарты жылдан кейін істегісі келмеген жұмыста ұсынған ақшадан да көп таба бастайды. Бұл жағдайда жалақының артуы карьера жоспарындағы әрбір жаңа қадам болып есептеледі, ол әр екі-үш жыл сайын өсіп тұрады. Ал ипотеканы 20 жылдан астам уақытқа алатынын ескерсек, кем дегенде алты ай қиналып, қалған 19,5 жыл ипотекаға қарамастан өмір сүру деңгейін үнемі көтеріп отыра алады.

- Егер бір компания жалақысы мен лауазымы жоғары жұмыс ұсынса, бірақ ол аса белгілі емес және шағын. Ал екіншісі ірі, өзін дәлелдей білген, бірақ қызметі мен табысы төмен болса қай ұсынысты таңдау керек? "Борщ қайнат" ЖШС компаниясының бөлім басшысы немесе ұлттық компания маманы ма?

- Жаман және жақсы жұмыс беруші деген жоқ. Ешкім жақсы немесе жаман емес. Мақсатқа жақындауға көмектесетін және керісінше одан алыстататын жұмыс берушілер болады. Компания өлшемі мен атауы - сіз үшін жақсы немесе жаман болатынын көрсетпейді. Барлығы адамға байланысты. Мақсат, қызықты тапсырмалар мен құндылықтарға баса назар аудару керек. Ақыр соңында, "Борщ қайнат" ЖШС компаниясының бір жыл өткеннен кейінгі нарықтағы жағдайы мен құны да бөлім басшысына тікелей байланысты.

- Егер таңдау жеке ұйым мен мемлекеттік қызмет арасында болса ше? Шынына келгенде қазақстандықтардың көбі әкімдікте немесе министрлікте жұмыс істеу әлдеқайда беделді деп есептейді.

- Мемлекеттік қызметтегі тәжірибе сізге қандай мүмкіндік беретінін анық білсеңіз және сіздің мақсатыңызға жету үшін дәл осы қажет болса, онда иә, баруға болады және міндеттісіз. Алға әкім боламын деген мақсат қойсаңыз, сұрақтың жауабы анық.


Сурет: pixabay.com

- Құндылықтарды ұмытып, өз-өзіңмен "келісу" мүмкін бе?

- Мүмкін. Әдетте адамдар: "Көзімді жұмып бір жыл жұмыс істесем, ішік, машина, пәтерге ақша табамын" деп ойлайды. Көп жағдайда бұл стратегия өзін ақтамайды. Көп ұзамай онда жұмыс істеу бәрібір мүмкін емес екенін түсінеді. Ол тіпті ауырып қалуы мүмкін. Ақша үшін жұмыс таңдау - кейінгі жағдайды ескермейтін қысқа мерзімді шешім.

Сондықтан адамдар мотивациясы ақша екенін айтқанда, мен "Ол не үшін керек?" деп сұраймын. Ақша - өздігінен құнды нәрсе емес, оны тек қайда және қалай жұмсағаныңыз маңызды. Бұл сұрақтарға жауап бергенде ғана, сіз үшін шынымен не маңызды екенін түсінесіз. Алдымен адам қарапайым негізгі қажеттіліктермен қанағаттанады, олар: азық-түлік, баспана, киім және көлік. Ал кейін бірі жақындарына сыйлық алады. Екіншісі дамуды ойлай бастайды. Мысалы білім алуға инвестиция құяды.

Инвестиция жасай отырып сізге қажетті білім, дағдылар мен тәжірибе бере алатын жұмыс берушіні іздеу қажет.

- Яғни, жұмыс таңдағанда корпоратив университеті бар компанияларды қарастыру керек пе?

- Иә. Немесе тәлімгерлік дәстүрді ұстанатын жұмыс: тәлімгер бола алатын мықты жетекші. Негізі, дамудың жолы көп.

- Ал адам негізгі қажеттіліктерге қанағаттанғаннан кейін ғана сыйлық алуға барса ше?

- Мұндайда оған қоршаған орта маңызды деген сөз. Ондай адамдарға өзін қолайлы сезінуге мүмкіндік беретін компанияны таңдау керек. Ол үшін мекемеде жұмыс істейтін бірнеше адаммен сөйлесуді ұмытпаңыз. Әңгімелесуде алдымен рекрутерлермен, кейін бөлім басшысы, содан кейін ғана компания басшысымен кездеседі. Адамдарды көп көрген сайын, соғұрлым жақсы болады. Кіреберісте кездесуді күтіп отырғанда да, айналадағы адамдардың өзара тілдесуіне мән беруге болады. Мысалы, олар бейберекет, өрескел сөйлесуі мүмкін, ал сіз зиялы адамдар қатарынансыз. Немесе керісінше, олар тым ресми сөйлеседі, ал сізге кішкене еркіндік керек.

Бұл критерийлер шын мәнінде қарастырылуы қажет. Жұмыста шыдап жүру - зиян. Жұмысты жаныңды беріп, ләззат ала отырып істеу керек. Сонда ғана көп еңбек етіп, компания үшін әлдеқайда пайдалы әрі құнды боласыз. Өзіңізді жайлы сезініп, жұмысқа рақаттанып келе бастайсыз.

Фото: pixabay.com

- Жұмыс күнінің қалай өтіп кеткенін байқамай қаласың...

- Иә. Ол үшін жұмыс берушінің портретін үш шарт бойынша құру керек.

Бірінші шарт - әрекеттер: компания не істейді және істемейді. Мысалы, сіз үшін олардың қайырымдылықпен айналысқаны немесе әлеуметтік жобаларға қатысқаны қосымша плюс. Бірақ барлығы үшін жасалған жағымды әрекет сізге ұнамауы мүмкін. Мысалы, темекі шегуді тастаған адамдарға қосымша сыйақы беріледі десек, мен өзімнің қалауым үшін, жанама түрде болсын ұятқа қалғым келмейді.

Екінші шарт - қоршаған орта. Адамдардың сізге және жұмысқа қатысты қандай болғанын қалайсыз? Олардың кәсіби шеберлігі қай қырынан көрінуі керек?

Үшінші шарт - жеке құндылықтар, өзімнің миссиям. Компания мен адам құндылықтары сәйкес келуі немесе келмеуі мүмкін. Әңгімелесу кезеңінде қалай компания ұстанатын құндылықтарды түсінуге болады? Бұл туралы рекрутер немесе болашақ басшыңыз айтып бере алады. Немесе бақылау арқылы ұғуға да болады. Компанияда үнемі уақыт туралы айта бере ме? "Менде уақыт жоқ" немесе "Қазір емес, кейінірек кел" - өзара немесе сізден "Мұны қанша уақыт жасадың?" деп сұраса, мұнда құндылық уақыт екен деп қорытынды жасауға болады. Яғни,  болашақта жылдам және әмбебап режимде жұмыс істеуге тура келуі мүмкін. Бұл сіздің құндылықтарыңызға қайшы келсе, жұмыс істеуге байланысты шешім қабылдау оңайға соғады.

- Қолайлылық туралы не айта аласыз?

- Әрине бұл маңызды фактор. Кейбіреулер үшін жолға кететін уақыт 30-60 минуттан аспауы керек. Немесе жұмыстағы қарым-қатынас маңызды. Мысалы, сізді жас ана делік: түрлі жиналыс, мектеп, балабақшаларда ұйымдастырылатын іс-шараларға көп барасыз, кейде балалар ауырып қалуы да мүмкін. Онда "09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс орнында болу керек" деген шарт қоятын компанияны таңдасаңыз, екі-үш айдан артық онда қала алмайсыз. Балалар - сіз үшін маңызды, олар көңіл бөлгенді талап етеді. Бәрі бір шешім олардың пайдасына қарай қабылданады. Бұл дегеніміз, екі-үш айдан кейін қатадан жұмыс іздеуге тура келеді.

Ольга Пастухова,

Сурет unsplash.com сайтынан алынған.

"Карьера кеңесшісінің құпиялары" айдарындағы келесі мақала жұмыс пен отбасын бірге алып жүруге арналады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети