17 мамыр 2018 | 11:58

"ВКонтакте" және Facebook әлеуметтік желілерінің қазақтілді аудиториясына талдау

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаһандану, ақпараттық технологиялардың дамуы, интернеттің кеңінен таралып, жаппай қолданысқа енуі қоғам өмірінің барлық дерлік саласындағы әрекетті жеңілдетіп, адамзаттың коммуникациядағы қажеттіліктерін толық қамтамасыз етіп жатыр. IT-жетістіктер күнделікті тіршілігіміздің ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі жаһандану заманында ақпараттық технологияны пайдаланып, дүниежүзімен бір байланыс ортасында болу үйреншікті нәрсеге айналғанымен, осындай нәтижелер әлемиеттік IT-коммуникацияны жасау бағытындағы күрделі де қызықты жұмыстардың жемісі. Солардың бірі - өнімді нарыққа бейімдеу. Өнімді белгілі бір географиялық, мәдени-лингвистикалық аймаққа бейімдеу (localization) маңызды шаруалардың бірі саналады. Бұл тұрғыда көптеген маркетингілік зерттеулер, түрлі стратегиялар мен көзқарастар болғанымен, қазіргі таңда трансұлттық корпорацияларда "Think Globally, Act Locally" қағидасы жетекші рөлге шықты. Қағида бойынша кез келген жаһандық өнім базистік қызметін сақтай отырып, жергілікті ерекшеліктерге сай бейімделеді. Алайда өнімді "жерсіндіру" барысында көп жағдайда өнімге қатысты түпнұсқа тілде кейбір контенттің тікелей аудармасы (біздің жағдайда қазақ тіліндегі) болмайтындықтан, аудармашыларға оларды бейімдеуге әрі лексикалық мағынасын түсіндіруге, баламасын іздеуге тура келеді. Тілімізге осындай контентті бейімдеу, баламасын табу нәтижесінде жаңа ұғым, түсінік, құбылыс атаулары еніп келеді. Бұлардың ішінде тіліміздің лексиқалық құрамын байытатын неологизмдер қатары да көп.

Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның қарқынды түрде өзгеріп жатқан саяси-қоғамдық, мәдени-әлеуметтік өмір сүру жағдайына негізделген ХХІ ғасырдағы өзгерістер, соның ішінде интернет кеңістіктегі коммуникация да, қазақ тілінде "неологиялық жарылыс" жасады. Бұған сөзсіз әлеуметтік желілердің үлесі зор.

Осы мақалада Қазақстандағы аудиториясы үлкен Вконтакте (vk.com) және Фейсбук (Facebook) әлеуметтік желісінің қазақтілді аудиториясы және оның даму бағыты және контент жасау ерекшеліктері қарастырылмақ.

Аталған әлеуметтік желілердің қолданышуларының тілдік контентін қарастырмас бұрын, қазақтілді пайдаланушылар статистикасына назар аударайық. Интернет сайттарға мониторинг жүргізетін Alexa сервисінің рейтингі [1] бойынша интернеттің .kz сегментінде Вконтакте әлеуметтік желісі трафик жағынан #3-сайт. Ал әлем бойынша #17 орында. Сондай-ақ Alexa-ның деректері бойынша Вконтакте әлеуметтік желісінің 3.2% трафигі [2] Қазақстаннан жүреді. Alexa бойынша Facebook әлем бойынша #3 және Қазнетте трафик жағынан #28-сайт [3].

"ВКонтакте" (vk.com) әлеуметтік желісі.

Мәліметтерге сүйенсек, "Вконтактеде" Қазақстаннан 14 пен 65+ жас аралығында 12 121 000 аккаунт тіркелген. Олардың ішінде 6 048 000 (50 пайыз) ер, 6 049 000 (50 пайыз) әйел адамға тиесілі.

Толық мәліметті 1-инфографикадан көре аласыз.

1-инфографика.

Alexa-ның Вконтакте желісі туралы мәліметі бойынша Қазақстан әлеуметтік желіні пайдаланатын елдердің ішінде Ресей, Германия, Недерланд, АҚШ-тан кейінгі бесіншісі орында. Дегенмен бұл жерде ескере кететін бір жайт бар. Украина саяси себептермен ресми түрде өз аумағында әлеуметтік желіні бұғаттағандығын және Украинадан трафик VPN көмегімен шетелдік (Недерланд, Германия, АҚШ және т.б.) IP мекенжайлар арқылы өтіп жатқанын ескерсек, де-факто қазақстандық пайдаланушылар Вконтакте желісін тұтынатын үшінші үлкен аудитория болып табылады. Сондай-ақ Қазақстандық пайдаланушылар бұл әлеуметтік желіні тұтынушылардың жалпы санының 3,6 пайызын құрайды. Вконтактенің юзер интерфейсі қазақ тіліне 2008-2009 жылы аударылған. Сайттың қазақша нұсқасын уеб және мобильді (Android, IOS, WP) құрылғылардан қолдануға болады. 2018 жылдың сәуір айындағы мониторинг негізінде Вконтакте желісіндегі пайдаланушылар саны жағынан ең үлкен 20 бірлестіктің

- 12-сі қазақтілді;

- 7-і орыстілді;

- 1-і қазақша/орысша аралас болып шықты. Вконтакте әлеуметтік желісінде қазақтілді пайдаланушылар туралы нақты мәлімет көрсетілмегенімен, жоғарыда келтірілген жанама деректер арқылы қазақтілді аудиторияның үлесін шамалауға болады.

Facebook әлеуметтік желісі. Мәліметтер бойынша Фейсбукте Қазақстаннан 14 пен 65+ жас аралығында жалпы 6 600 000 аккаунт тіркелген. Олардың ішінде 3 036 000 (46%) ер, 3 564 000 (54%) әйел адам. Фейсбуктың жарнама құралдарының мүмкіндіктері кең әрі жан-жақты болғандықтан, қазақтілді аудиторияны бақылауға мүмкіндік көбірек. Қазақстандық 6 600 000 аккаунт ішінен әлеуметтік желіні барлығы 837 000 адам қазақ тілінде пайдаланады. Олардың 352 000-ы (42%) ер адам болса, 485 000-ы (58%) әйел адам. Толық мәліметті 2-инфографикадан көре аласыз.

2-инфографика.

Қазақстанның Facebook аудиториясы әлеуметтік желінің күнделікті жалпы аудиториясының 0,5 пайызын құрайды. Ал қазақтілді аудиторияның үлесі жалпы күнделікті желі аудиториясының 0,49%-ын немесе Қазақстандық аккаунттардың 12,6 пайыз болып келеді. Фейсбуктың тек уеб нұсқасы қазақ тіліне 4-5 жыл бұрын аударыла бастағанын, қазіргі таңда юзер интерфейсінің қазақшаға аударылып жатқанын және қазақша мобильді нұсқасының әлі шықпағанын ескерсек, 800 000 аса пайдаланушы жақсы көрсеткіш болып саналады.

Socialbakers серивисінің 2018 жылғы сәуір айындағы деректеріне сүйенетін болсақ, әлеуметтік желінің .kz сегментінде пайдаланушылар саны жағынан ең ірі 20 парақша [4] контентіне мониторинг жүргізу барысында: 13 парақша жұмысын орыс тілінде; 2-і тек ағылшынша; 2-і орысша/ағылшынша аралас; 1-і қазақша/орысша қатар; 1-і қазақша/орысша/ағылшынша аралас; 1-і тек қазақ тілінде жүргізіп жатқаны анықталды.

Қорыта айтқанда, "Вконтакте" мен Facebook сырт белгілері жақын әлеуметтік желі саналып, функционалды қызметі ұқсас болғанымен, ішкі құрылымы, жұмыс жүргізу, пайдаланушылардың жеке деректерін басқару саясаты және т.б. аспектілер тұрғысынан екі түрлі құрылым екені байқалды. Бұл өз кезегінде екі әлеуметтік желі аудиториясының сандық және сапалық көрсеткіштеріне, контент жасау саясаты мен талаптарына әсер етеді.

Мәселен, "ВКонтактенің" Қазақстандағы негізгі аудиториясы 18-34 жас аралығындағы студенттер мен жастар болса, Facebook-те 25-44 жас аралығындағы жастар мен орта буын өкілдері. "ВКонтактеде" көбіне желі пайдаланушылары көңіл көтеру, сергіп алу бағытындағы (кино, музыка, онлайн ойындар, хобби, т.б.) контентті көбірек тұтынса, фейсбук аудиториясы көбіне іскерлік, әлеуметтік, танымдық контентті тұтынады. Сондай-ақ фейсбукта экономикалық тұрғыдан белсенді аудитория отыратындықтан, аталмыш желі компаниялар, коммерциялық ұйымдар мен банктер үшін маркетинг тұрғысынан маңызды әрекет ету алаңы, ақпараттық кампанияларының өзегі саналады. Фейсбуктың юзер интерфейсі мен контентін әлемдік стандарттарға сәйкес түпнұсқа тілден қазақшаға аудару әрі бейімдеу, сол сияқты фейсбук коммуникациядағы тілдік контентті сүзу арқылы тіл иелмендеріміздің виртуалды кеңістікте жасап жатқан жаңа сөзқолданыстары мен тілдік жаңартпаларын жинап алуға болады. Себебі зияткерлік әлеуеті жағынан сапалы аудитория осы желіде отырғандықтан, мұндағы тілдік жаңалықтардың қатарында неологизмдер, соның ішінде жаңа терминдердің көптеп кездесу ықтималдығы жоғары. Қазіргі кезде аталмыш әлеуметтік желі иелмендерінің ішінде креативтік тілдік тұлғалар өз шығармашылығымен тіліміздің лексикалық құрамының байып, кемелденуіне зор үлес қосып жатыр деуге әбден болады.

"ВКонтакте" және Facebook әлеуметтік желісі қазақтілді инфосфераның өсуіне де ықпал етіп отырған беделді алаңдар деуге болады. Бұл үрдіс аудиторияның жас ерекшелігіне, құндылықтарына, қызығушылықтарына, қоршаған ортасына, көзқарасына, біліміне және т.б. талаптары мен қажеттіліктеріне сәйкес үнемі өзгеру үстінде. Аталған құбылыстардың тілдік санадағы көрінісі, қоғамдағы сандық және сапалық тұрғыдан өзгерістердің көрсеткіші болып табылады. Өз кезегінде бұл көрсеткіштер тіл дамуының маңызды маркерлерінің бірі. Себебі тұтынушысы бар ортада ғана тіл өседі, дамиды, түрленеді.

Авторлар:

Анар Фазылжанова(А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институты директорының орынбасары, ф.ғ.к.),

Қуат Дүйсен (А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институтыныңғылыми қызметкері, филология магистрі)

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 495.09   526.18   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети