Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақстанның ғаламтор арқылы қытайлық тауарларды сатып алу көрсеткіші артып келеді

22 Тамыз 2014, 17:36
0
©rg.ru
©rg.ru

Бүгінде Қытайдан Қазақстанға жіберілетін сәлем-сауқаттардың көрсеткіші үш есеге өсіп отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қытай Халық Республикасының ұлттық пошта қызметі өкілдерімен кездескен "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин осы мәселені ерекше атап өтті. 

Оның айтуынша, бүгінде қазақстандықтар Қытайдың интернет-дүкендерін жиі аралап, өздеріне қажетті тауарларды сатып алады. Сондықтан пошта қызметі саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту қажет. Әсіресе, сәлем-сауқаттарды жеткізу мерзімдерін барынша қысқартқан жөн.

"Қазіргі кезде интернет-сауда шапшаң дамып келеді. Оның ішінде Қытайдың интернет-дүкендері сату көлемі жағынан әлем бойынша көш бастап келеді. Мәселен, өткен жылы ҚХР-Қазақстан бағытында жіберілген сәлем-сауқаттардың көлемі үш есеге өсті. Бізде ол барлық халықаралық бағыттарды артқа тастап, бірінші орында тұр", - дейді Мусин.  

Кездесу кезінде халықаралық пошта айырбасы мен арнайы терминалды ашу мәселесі де талқыға салынды. Оны "Қорғас" халықаралық ынтымақтастық орталығы территориясында құру жоспарланып отыр. Соның арқасында интернет-дүкендер өз қоймаларын ашып, сәлем-сауқаттарды жедел жеткізе алады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай