13 наурыз 2014 10:29

Қытай жоғалған ұшақ қалдықтарына ұқсас заттардың суретін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©BBC News ©BBC News

Қытай үкіметінің сайтында Malaysia Airlines компаниясының жоғалған ұшағының қалдықтарына ұқсас заттардың ғарыштан түсірілген фотосуреттері жарияланды деп хабарлайды BBC News. Үш фотосуретте Оңтүстік Қытай теңізінде қалқып жүрген ірі нысандар бейнеленген. Бұған дейін теңіз бетінен байқалып, фотоға түсірілген заттардың ұшаққа қатысы болмай шыққан еді. Ал мына суреттер ұшақ апатқа ұшырағаннан бір күннен соң түсірілген, бірақ Қытай үкіметінің ғылым жөніндегі департаментінің сайтында 13 наурызда жарияланып отыр. Суреттегі нысандар теңіздің Малайзия мен Вьетнам аралығындағы тұсынан байқалған. "Синьхуа" агенттігінің мәліметінше, фотосуреттегі нысандардың ең ірісінің өлшемі - 24 х 22 метр. Олардың жоғалған ұшаққа қатысы бар-жоғы анықталатын болады. Еске сала кетейік, Азиядағы ең ірі әуе компаниялардың бірі - Malaysia Airlines-тің Куала-Лумпурден Бейжіңді бетке алған Boeing 777-200 ұшағы 8 наурызға қараған түні аспанға көтерілгеннен бір сағаттан кейін радар экрандарынан жоғалып кеткен еді. Оның бортында 239 адам - 227 жолаушы мен экипаждың 12 мүшесі болды. Жоғалардың алдында ұшақ қандай да бір дабыл не басқа да ақпарат бермеген. Ұшақ теңіздің үстінде, Вьетнам әуе кеңістігінде болған кезде онымен соңғы байланыс жасалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети