Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Қытайда 55 адам лаңкестік әрекеттері үшін сотталды

28 Мамыр 2014, 20:53
0

Қытай басшылар 55 адамды лаңкестік, жікшілдік және адам өліміне байланысты соттады, - деп хабарлайды BBC News. Олардың үшеуі өлім жазасына кесілді. Лаңкестікке қатысты сотталғандардың барлығы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының тумалары. 

Айта кетейік, Үрімшіде соңғы лаңкестік оқиға 22 мамырда болды. Жэньминь саябағы маңындағы бір топ адамның ортасына екі көлік тоқтап, белгісіз біреулер адамдарға жарылғыш заттарды лақтыра бастаған, нәтижесінде бір көлік сол жерде жарылып кеткен. Соңғы мәлеметтер бойынша, жарылыстың салдарынан 39 адам зардап шекен. Үрімшіде болған лаңкестік оқиғаның бес ұйымдастырушысының төртеуі оқиға болған жерде қаза болған, ал бесіншісін қаладан 250 шақырым жерде қолға түсірген. 

Қытай полициясы таратқан мәліметке қарағанда, күдіктілер лаңкестік топты 2013 жылдың соңында құрған. Олар лаңкестік аудио және видео мәліметтерді тыңдап, үйреніп, жарылыс жасайтын заттар мен автокөліктер сатып алған. Сондай-ақ арнайы операция барысында Қытай полициясы лаңкестікке қатысы бар 200 адамды тұтқындады. Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының басшылары лаңкестерге қарсы келер жылдың маусым айына дейін жалғасатын әрекеттің басталғанын айтты. 

Жуырда жарылғыш заттар дайындалатын екі қойманың табылғаны белгілі болды. Ол жерден 1,8 тонна жарылғыш заттар дайындайтын материалдар тәркіленді. Сондай-ақ лаңкестік қатысы бар бес адам ұсталды. 

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай