Үрімжіде теракт жасады деген күдікпен 29 адам тұтқындалды

05 Маусым 2014, 11:44
0

Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында 22 мамыр күні болған терактты тергеу жалғасып жатыр, күдік бойынша 29 адам тұтқындалды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Тұтқындалғандардың бәріне сепаратизм, заңсыз топтарды құру, заңсыз бизнесті енгізу, ұлтаралық алауыздықты қоздыру, кемсітушілік сияқты қылмыстарды жасады деген айып тағылып отыр. Билік өкілдерінің мәліметінше, Үрімжіде теракт ұйымдастырғандар - халықаралық террорлық ұйымдармен байланыстағы діни экстремистер.

Еске салайық, Үрімжідегі базарлардың бірінде 22 мамыр күні таңертең лаңкестік әрекет болған еді. Екі автокөлік қалың көпшілік арасына кіріп, жарылғыш заттарды лақтырған. Бір автокөлік жарылып кетті. 39 адам қаза тауып, 94 адам жарақат алды. Қытай полициясы оқиғаға күдікті ретінде бес адамды анықтағанын хабарлады. Олардың төртеуі оқиға орнында қайтыс болса, біреуі елдің Баянғол-Моңғол автономиялық округінде қолға түскен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай