22 мамыр 2014 13:06

Үрімжінің базарында болған жарылыстан 30-дан аса адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер орын алған жарылысқа қарай беттеп бара жатыр. Үрімжі. ©REUTERS Полицейлер орын алған жарылысқа қарай беттеп бара жатыр. Үрімжі. ©REUTERS

Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр аутономиялық ауданы‎ның орталығы Үрімжі қаласының базарындағы жарылыстан кемінде 31 адам қаза болды, тағы 90-нан аса адам түрлі дене жарақаттарын алған, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ құралдарына сілтеме жасап.

Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі орын алған оқиғаны "тиянақты және қатал жасалған теракт" деп бағалады. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин "лаңкестерді қатаң жазалауға" уәде берді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Үрімжі базарларының бірінде бірнеше жарылыс орын алған болатын. Куәгерлердің айтуынша, базар алдындағы Жэньминь саябағында жиналып тұрған жұртшылықтың қасына екі автокөлік басып келіп, ішінен белгісіз біреулер шығып, адамдарға қарай жарылғыш зат лақтырған, бір автокөлік сонда жарылып кеткен.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети