Алматыда дрифт жасаған жүргізушілер тағы да видеоға түсіп қалды: олардың бірі қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда дрифт жасаған жүргізушілер тағы да видеоға түсіп қалды: олардың бірі қамауға алынды Бейнеден кадрлар

Алматыда көшеде дрифт жасаған жүргізушілер жазаланды, деп хабарлайды Tengri Auto.


Алматыда көшеде дрифт жасаған жүргізушілер жазаланды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Полиция мәліметінше, қалада ережелерді өрескел бұзатын жүргізушілерді ұстау шаралары жалғасып жатыр. Демалыс күндері полицейлер екі дриф жасаушыны ұстады - олардың әрқайсысына қатысты жол жүру ережелерін бұзғаны үшін бірнеше хаттама толтырылды.

Жүргізушілерге әртүрлі жаза қолданылды: сот дрифт жасаушылардың бірін бес тәулікке қамауға алды, ал екіншісі әкімшілік айыппұлмен құтылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жол үстінде "айналып" өнер көрсеткісі келген жүргізуші қамауға алынған бірінші жағдайы емес. Бұған дейін Алматыда жолда дрифт жасаған BMW жүргізуші көлігінен айырылды.

Әл-Фараби даңғылында жарысқандар да көлігінен айырылды.

Тағы оқыңыз: “Той тойлаған”: Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші жолдағы камераларға түсіп қалды

TengriAuto