25 қаңтар 2017 19:19

АИ-92 құны 145 теңгеге жетуі мүмкін - ҚазМұнайГаз Өнімдері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отынның сұранысқа ие түрлеріне бағалардың өзгеруі туралы жиілеп кеткен сұрақтарға байланысты "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС Қазақстанның ЖЖМ нарығындағы жағдайға шолу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС Жұртшылықпен байланыс және жарнама қызметіне сілтеме жасап.


Отынның сұранысқа ие түрлеріне бағалардың өзгеруі туралы жиілеп кеткен сұрақтарға байланысты "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС Қазақстанның ЖЖМ нарығындағы жағдайға шолу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС Жұртшылықпен байланыс және жарнама қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, қаңтар айының ортасында АИ-92 бензинінің бағасы ірі жанармай құю бекеттерінде литріне 137 теңгеге тең болған еді.

"Қаңтар айының ортасындағы негізгі үрдіс ірі ЖМҚС желілерінде АИ-92 марканың бағасы литрге 137 теңгеге дейін түзетілгені болды. Қаңтардың ортасындағы осы отын маркасы құнының жалпы қымбаттауы қаңтардың басында көтерме бағалардың өзгеруіне байланысты. Нәтижесінде, литрге шаққанда сатып алу бағасын 3,5-4 теңгеге көбейтті. Ірі өңірлік ЖМҚС-та АИ-92 бензинінің бағасы литрге 135-145 теңге көлемінде болды. Жоғары орташа бағалар Ресей Федерациясынан жеткізілетін импортқа айқын тәуелділігі бар республиканың солтүстік аймақтарында байқалды. Осы өңірлерде ең қымбат импорт бағалар теңгерімін литрге 140-142 теңге деңгейінде орнатады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, желтоқсан айының қорытындысы бойынша АИ-92 бензинінің қалдықтары мереке күндері тұтунудың азаюы есебінен ішінара орнын толтырды. Алайда, жыл басындағы қалыптасқан мұнай өнімінің көлемі қаңтар айына тән емес - әдетте осы айда қалдықтардың жиналуы болатын. Сонымен қатар, қалдықтардың орнын толтыру үшін импортты ұлғайту қажет, оның құны да Ресейде бағалардың өсіміне байланысты қымбаттай түскен. 

Бұл сондай-ақ, бөлшек бағалар трендін бір литрге 140-145 теңге деңгейіне дейін бағыттайды, бұл ағымдағы кезеңде теңгеруші баға. Бағаларды ретке келтіру мұнай өнімдерін кедергіссіз импорттауға мүмкіндік береді, яғни отын тапшылығының алдын алуға мүмкіндік туғызады. Бұл ретте, отандық өндірістің отынына көтерме бағалары бір орында тұрмайды және бірте-бірте Ресей импортының көтерме бағасының деңгейіне дейін көтеріледі. 

"ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС өкілдерінің мәліметінше, дизель отыны бойынша жағдай тұрақты болып қалып отыр. Ірі ЖМҚС желілерінде дизель отынының бағасы литрге 128-131 теңгені құрайды және қараша айынан бері өзгерген жоқ. ҚМГ-ның ЖМҚС-та баға бір литрге 128 теңгені құрайды. ЖМҚС-тың өңірлік желілерінде баға бір литрге 128-ден 135 теңгеге дейін құбылуда. Қазақстан Республикасында дизель отынының қоры қазан-қараша айларындағы азаюдан кейін тұрақталды және өткен жылғы қаңтар айындағы деңгейге жетті. Қысқа мерзімді перспективада дизель отынын сату бағасының күрт өсуі болжамданбайды және бір литрге 128-131 теңге деңгейінде қалады. 

"Сонымен қатар, "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 557 қаулысына сәйкес 2017 жылғы 1 сәуірден бастап дизель отынын сатуға акциз мөлшерлемесі тоннаға 9300 теңгені құрайды. Акциздің ұлғаюы есебінен көтерме бағаның ұлғаюы бір литрге шамамен 7,3 теңгені құрайды, бұл ЖМҚС желісіндегі отын құнына әсер етеді", - делінген "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети