15 қыркүйек 2022 10:03

"Астана Моторс" Қазақстанда жетекші Қытай автоалыптарының автокөліктерін шығаратын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана Моторс" Chery Automobile Company, Changan International Corporation және Great Wall Motor автокөлік концерндерімен компанияның Қазақстанда Қытай брендтерінің автокөліктерін шығару құқығын растайтын меморандумдарға қол қойды.


"Астана Моторс" Chery Automobile Company, Changan International Corporation және Great Wall Motor автокөлік концерндерімен компанияның Қазақстанда Қытай брендтерінің автокөліктерін шығару құқығын растайтын меморандумдарға қол қойды.

2023 жылы "Астана Моторс" Алматы индустриялық аймағында Chery, Changan, Haval автокөліктерін шығаратын толық циклді мультибрендті зауыттың құрылысына кірісуді және оны 2025 жылы пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Кәсіпорын лицензиялық келісімдер бойынша автокөліктер шығаратын "Астана Моторс" компаниясының 100% меншігінде болады.

Қазақстан үшін жаңа индустриялық нысанның түбегейлі айырмашылығын атап өтейік - кәсіпорын автокөліктердің бүкіл көлемін дәнекерлеумен және шанағын бояумен тек ұсақ тораптық әдіспен өндіретін болады. Мультибренд зауытының өндірістік қуаты жылына 90 мыңға дейін автокөлік шығаруға, оның ішінде 60% - ТМД елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. 

"Қытай автобрендтері техникалық жағынан тез дамып келеді, олардың әлемде танымалдығы артып келеді. Біз бизнесті дамыту үшін жоғары әлеуетті көріп отырмыз және Қазақстанда Қытайдың жетекші брендтерінің жоғары технологиялы автокөліктерін өндіруді ұйымдастыруға шамамен 200 миллион доллар көлемінде қаржы саламыз", - деп атап өтті Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов.

Сонымен бірге ол жаңа жобаны іске асырғаннан кейін Алматыда шамамен 2 200 жоғары білікті жұмыс орны құрылатынын, олардың әрқайсысы басқа салаларда он жұмыс орнын құруға ықпал ететінін айтты.

"Біз Қытайдың автоөнеркәсіп көшбасшыларының барлық стандартына сәйкес келетін кәсіпорын саламыз, мұнда отандастарымыз машина жасау саласында тәжірибе жинақтап, сабақтас салаларда біліктілігін арттыратын болады, - деп атап өтті Astana Group басшысы. - Мультибренд зауытының құрылысы Қазақстанда автокомпоненттер өндірісін дамытуға қызмет етеді. Біз Қазақстанда құрауыштардың өндірісін орналастыруға дайын бірқатар елдерде ықтимал инвесторлармен келіссөздер жүргіздік. Бұл біздің жылына 90-100 мың автокөлікті дәнекерлеу және бояу әдісімен шығару көлемімізбен экономикалық тұрғыдан орынды болады", - деп қорытындылады Нұрлан Смағұлов.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы "Астана Моторс" компаниясы автокомпоненттер шығаратын зауыттың құрылысын бастайды. Алматы индустриялық аймағында технопарк құру Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуға, машина жасау саласында білікті кадрлар жүйесін қалыптастыруға серпін береді.

"Астана Моторс" ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети