23 желтоқсан 2021 14:00

Асы-Түрген обсерваториясы. "Chevrolet-мен бірге республика мақтаныштарына" жобасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл - Chevrolet пен Tengrinews бірлескен жобасының екінші шығарылымы. Жоба Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. "Chevrolet-мен бірге республика мақтаныштарына" жобасы - Қазақстанның бірегей жерлері және олармен байланысты адамдар туралы шағын танымдық деректі фильмдер топтамасы.


Бұл - Chevrolet пен Tengrinews бірлескен жобасының екінші шығарылымы. Жоба Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. "Chevrolet-мен бірге республика мақтаныштарына" жобасы - Қазақстанның бірегей жерлері және олармен байланысты адамдар туралы шағын танымдық деректі фильмдер топтамасы.

Жобаның екінші шығарылымында Қазақстан үшін ғана емес, әлемдік ғылыми қауымдастық үшін бірегей нысан - Асы-Түрген обсерваториясы туралы айтылады. Мамандар "Інжу-маржан" деп атайтын обсерватория Алматыдан шығысқа қарай 85 шақырым жерде, теңіз деңгейінен шамамен 2750 метр биікте орналасқан. Оның астроклиматы тамаша: ашық атмосфера, жарық болмауы және өте төмен турбуленттілік.

Виталий Ким В. Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты жұлдыздар физикасы зертханасының аға ғылыми қызметкері, сонымен қатар, Асы-Түрген обсерваториясының бақылаушысы. Ғарышты обсерваторияның ең үлкен телескопы АЗТ-2-мен бақылайды. Ол өмірін ғарышпен байланыстыруға бала кезінде бел шешкен. 1997 жылы ғаламшарымыздың маңынан Хейла-Боппа кометасы ұшып өткен. Ол өте жарық болды, Алматыдан да көрінген. Бұл 10 жастағы Виталийге жарқын әсер қалдырып, ол ғарыштың құпияларын білу үшін өмірін осы саламен байланыстыруды ұйғарған.

"Маған осы әлемді тану процесіне қатысып жатқаным ерекше ләззат сыйлайды! Әр адам жауап бере алмайтын сұрақтарды шешесің. Бұл аспан нысандары маған қатты жақын, кейде жұлдыздар ғаламшардың қараңғы жағына жарық беру үшін, біз үшін ерекше жарқырайтын секілді", - дейді Виталий. 

Асы-Түрген обсерваториясының павильоны Эдельвейс гүлінің пішінінде салынғанын білесіз бе? Бірегей нысанның осы және басқа да деректерін "Chevrolet-мен бірге республика мақтаныштарына" жобасының екінші бөлімінен біле аласыз. Ал бұл мақтанышты "ашатын" - қуатты турбоқозғалтқышы бар кроссовер, спорт дизайнында жасалған және заманауи сипаттамалары бар Chevrolet Equinox.

Қазақстанда Chevrolet Equinox автомобиль RS жинағында шығады, оның 2 литрлі, 4 цилиндрлі қуатты турбоқозғалтқышы, айналардағы қызыл жолақтары, дөңгелектердің қара дискілері және спорт дизайнындағы басқа да ерекшеліктері бар. Chevrolet Equinox Қазақстанда өз сегментіндегі ең қуатты кроссовер ретінде танытты.

Еске салайық, "Chevrolet-мен бірге республика мақтаныштарына" жобасының әр бөлімінде ел мақтанышы саналатын ең көрікті жерлер мен нысандар баяндалады. Ал әр нысанға еліміздегі танымал Chevrolet автомобиль брендінің модельдерінің бірі барады. Алғашқы шығарылым сәулет өнерінің жауһары - Түркістанда орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арналды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети