24 тамыз 2018 10:51

"Илон Маск, бағаңды бер!". Ресейлік электрмобильдің концепті мемге айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kalashnikov.media © Kalashnikov.media

"Калашников" концерні CV-1 электр қуатымен жүретін концепт-карын таныстырды. Компания осы базада америкалық Tesla көліктеріне бәсекелес болатын электромбильдерді шығармақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Автомобильдің сыртқы келбеті Желіде тез тарап кетті.

Концерн сайтында,  CV-1 қуаты - 220 киловат екені жазылған. Ол 350 шақырымды жүріп өте алады. Сағатына 100 шақырымды - 6 секундта алады. 

Компания өкілдері София Иванова TJournal басылымына берген сұхбатында Tesla және басқа да электрмобиль өндіруші компаниялармен бәсекелес болу жоспары барын айтады.

Сонымен қатар, әлеуметтік желі қолданушылары концептке өз бағасын берді. 

Twitter желісінің қолданушылары #маскплачет деген хештег ойластырған. 

"Әлем! Біз сені таңғалдыра алмаймыз, қызықтырып, қорқыта да алмаймыз... бірақ біз сені күлдіре аламыз", - деп жазды @Zelyukoff.

"Калашников электромбилінде беріліс қорабы автоматтандырылған ба?", - деп әзілдеді пікір қалдырушылардың бірі. 

Айта кетейік, команиядағылар CV-1 электромбилінің қашан шығатынын және болжаммен қанша тұратынын айтудан бас тартты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети